270
Орындалған жұмыстың тəсімі арқылы ауытқу шамасы анық-
талып, керек болған жағдайда бағаналардың түбін ығыстыра
қазып түзетеді. Бағаналардың жерге кірген тұстарын өсіре
(немесе түсіре) отырып, олардың бастары бір деңгейде болғанын
қадағалайды. Орындалған жұмыстың жəне бағаналардың пландық
жəне биіктік жағдайының тəсімдік үлгісі 154-суретте көрсетілген.
Төменде бағаналарды монтаждау кезіндегі жобалық жағдай-
ларынан ауытқу шектік шамалары берілген:
1. Бағаналардың төменгі қимасындағы осьтерінің қадалау
осьтеріне қарағандағы ауытқуы ±5
мм
;
2. Бағана осьтерінің жоғарғы қимасындағы осьтерінің тік
жағдайынан ауытқуы,
Егер бағана биіктігі
Н
,
м
:
4,5
м
дейін, ± 10
мм;
4,5
–15
м
дейін, ± 15 мм;
15
м
артық, 0,001
Н
, бірақ ± 35
мм
артық емес.
3. Бағаналардың тірек фундаменттер беттерінің жобалық
биіктік шамасынан ауытқуы, ±3
мм;
4. Көп қабатты ғимараттағы əр ярус бағаналарының жоғары
жақ биіктіктерінің айырмасы (
n
– ярустың реттік саны),
(2
n
+ 1,2)
мм.
Достарыңызбен бөлісу: