266
Панельді тік жағдайға келтіру үшін маятникті тіктеуіш не-
месе рейка-тіктеуішті қолданады.
Панельдің тіктігін оның екі
қыры арқылы тексереді: қабырғалық жəне ашық бүйір қырлары
арқылы. Егер екі қыры арқылы түсірілген тіктеуіш рейкадағы тік
сызық-ойыққа (риской) дəл келсе, онда панель дұрыс орнатылған.
Панельдің тік жағдайында дұрыс орнату дəлдігін жəне
монтаждау өнімділігін арттыру үшін, тіктеуіш-сызғыш кеңінен
қолданылады (149-сурет). Тіктеуіш-сызғыш тіктеуіштен (5),
сызғыш бойымен түсірілген шнурдан (3) тұрады. Тіктеуіш-
сызғышты панельдің жоғарғы қырына кронштейн 1 арқылы
орнатады. Сызғышқа ұштары бір сызықтың бойында, сызғышқа
пареллель тіреуіш планка (2) бекітілген.
Сызғыштың төменгі
бөлігі шкаламен (4) жабдықталған. Тіктеуіш жібі шкаланың нөлі
арқылы өтсе, онда панельдің тік орналасқаны. Панельдің тік
орналасқандығын тексеру кезінде тіктеуіш-сызғышты панельдің
бүйір бетіне жанай қояды, мұнда кронштейн өзінің қырымен
панельдің жоғары қырына тіреліп, ал сызғыштың жоғарғы жəне
төменгі тіремелері тексерілмекші бүйір
беттерге тиіп тұруын
қадағалайды. Егер тіктеуіш-сызғышқа шкала сияқты бөліктер
сызып қойса, оны нивелирлік рейка ретінде, панельдің биіктік
шамасын тексеруде пайдалануға болады.
Панельдерді монтаждауды алдымен көлденең жəне ұзына-
бойлық осьтердің үстіне, жобамен ғимараттың ортасына базалық
панельдерді орнатудан бастайды. Бұл базалық панельдер қатаң
блок құрады,
яғни оларды орнынан қозғамайды, қалған панельдер
осы базалық блоктарға жанай орналасады. Базалық панель дерді
теодолит арқылы бақылап орнатады да, тіреуіштермен немесе
арнаулы «кондукторлармен» (арнаулы құрылғымен) бекітеді.
Келесі панельдерді монтаждау кезінде, олардың орналасу жағдай-
ларын тіреулермен жəне байланыс жабдықтарымен анықтайды.
Ортасынан шетіне қарай «еріксіз»
монтаждау ғимарат конс-
трук
циясын құрастырудың жоғары дəлдігін қамтамасыз етеді.
Мұндай дəлдікке қол жеткізу үшін, əртүрлі құрал-жабдықтарды
қолданады, мысалы, деңгей төбесіне бекітілген жазық болат тас-
паларды пайдаланады. Бұл таспалардың көлденең панельдерді
бекітетін тіремелер жəне панельдердің жоғары жағын бекіте-
тін жазық құбырлы байланыстары бар. 150-суретте каркассыз
267
ғимараттарды ірі панельдерден монтаждаудың орнынан ауытқу
шамалары берілген (СНиП III-B.4-97).
Каркасты-панельді
ғимаратты монтаждауда, темірбетонды
конс трукцияларды бекітпестен бұрын, тиянақты түрде олардың
нақтылы орналасу жағдайларына геодезиялық бақылау жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: