264
§ 16.4 Ірі панельді, каркасты жəне каркасты-панельді
ғимараттарды монтаждау кездеріндегі геодезиялық
жұмыстар
Ірі панельді құрылыста
монтаждау жұмыстарының сапасы,
оны дұрыс уақтылы геодезиялық іспен қамтамасыз етуге байла-
нысты, яғни: панельдердің осьтері қадалау осьтерімен дəл келу-
леріне; панельдердің тік болуын қатаң бақылауға алуға; панельдің
жоғары жағын жобалық орнына келтіруге;
панельдердің жазық
жəне тік жалғасу жіктеріне жобалық өлшем шамаларына байла-
нысты.
Ірі панельді, қаңқасыз ғимаратты монтаждау кезінде, қабыр-
ғалық панельдерді қоюға жəне түзетуге
ерекше көңіл бөлінеді,
себебі оларды дұрыс қоюдан бүкіл ғимаратты салудың дəлдігі
жəне тұрғызу сапасы артады.
Əр қабаттағы қабырғалық панельдерді тұрғызуға, монтаждау
деңгейін дайындау жəне түзету жұмыстарын біткеннен кейін
кіріседі. Ғимараттың барлық периметріне немесе бір бөлігіне
қабырғалық панельдерді тұрғызу үшін, ұзынабойлық жəне
көлденең осьтерін қадалайды (148-сурет).
148-сурет.
Панельдерді орнату тəсімі
1 – панель; 2 – ұстағыш-тиянақ;
3 – маяк; 4 – осьтік сым; 5 – лай қоспасы
Қабырғалық панельдердің пландық орындарын тексерумен
бірге, олардың биіктік бойынша дұрыс орнатылғанын қамтамасыз
ету керек.
265
Панельдің
жоғары жақтары бір жазықтықта, жобалық бір
биіктікте жатуы үшін арнаулы лай қоспасын (5), сонымен бірге
панель астына (керек болса үстіне) металл немесе ағаш төсеніш-
маяк (3) салады. Төсеніштің қалыңдығын нивелирлеу нəтижесін
жəне панельдің нақтылы биіктігін пайдалана отырып есептейді.
Ішкі панельдердің план бойынша орнату дəлдігін арттыру үшін
алдын ала панель ішіне пісіріліп бекітілген немесе деңгейлік
жабу панельдеріне бекітілген тиянақ-ұстағыштарды (2)
пайда-
ланады. Тиянақ ұстағыштардың арасындағы саңылау панельдің
қалыңдығынан 3
мм
артық болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: