Призманың ауданы



Дата03.04.2020
өлшемі66,63 Kb.
#61444
Байланысты:
Призманың ауданы

Призманың ауданы
Призма деп екі параллель жазықтықта табандары жататын бүйір жақтары параллелограмм болатын көп жақты айтамыз.
Призма табандары көп жақ болып келеді де,осы жақтарына сәйкес аталады. Мысалы: табаны үшбұрыш болса,үшбұрышты призма,ал алты бұрыш болса,алты қырлы призма дегендей.



Бүйір қырлары табандарына перпендикуляр болатын призманы тік призма деп, ал бүйір қырлары табанына көлбеу болса, көлбеу призма деп аталады.



Егер тік призманың табандары дұрыс көп бұрыштар болса,онда ол дұрыс призма деп аталады.
Тік призманцң бүйір беті:
Тік призманың бүйір беті (бүйір бетінің ауданы) табанының периметрін призманың биіктігіне көбейткенге тең болады: S=pһ
Мұндағы: S-Призманың бүйір беті, p-призманың табанының периметрі,  һ-призманың биіктігі

Призманың толық беті:
Призманың толық беті (толық бетінің ауданы) бүйір бетімен табандары аудандарының қосындысына тең болады. S=ph+2Sт    Мұндағы: ph-призманың бүйір беті, 2Sт-  призманың табан аудандары (астынғы және үстіңгі табандары)

Есептер:
Есеп 1.Көлбеу призманың бүйір қыры 15 см және табан жазықтығына 30 градус бұрыш жасай көлбеген.Призманың биіктігін табыңдар.(А.В.Погорелевтің геометрия оқулығынан)




Есеп 2.Төрт бұрышты дұрыс призманың табан ауданы 144 кв.см,ал биіктігі 14 см. Призма диагоналын тап.




Есеп 3. Дұрыс төртбұрыш призманың диагоналы 2см және табанына 30 градус бұрыш жасайды. Призманың толық бетінің ауданын тап.



Тапсырмалар:
1. Тік призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болып келген тікбұрышты үшбұрыш.Егер призманың биіктігі 7 см болса, оның толық бетінің ауданын табыңыз. 
2. Үшбұрышты дұрыс призманы бүйір жағының диагоналі d-ға тең және табан жазықтығымен ᵠ бұрыш жасайды. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет