268
Монтаждау жұмысының дəлдігін жəне өнімділігін арттыру
үшін бір топ кондукторды пайдаланады (151-сурет). Мұндай
кондукторлармен бір уақытта алты бағананы орнатуға болады.
Екі қабатты бағаналарды
кранмен қамыт ішіне орнатады, мұнда
кондуктордың реттеу бұрандалары жəне теодолиттің көмегімен
бағананы түзетіп, жобалық жағдайына келтіреді. Əр келесі
қабатты монтаждауға, төменгі қабаттағы барлық монтаждық
жалғасуларды пісіріп, монолиттеп жəне
тексеріп болған соң
кіріседі.
Биіктігі 5
м
артық бағаналарды жобалық орнына (жағдайына)
орнату екі теодолитті пайдалана отырып, іске асады (152-сурет).
Орнату дəлдігін арттыру үшін бағананың жоғары қырына
интервалы 10
мм
шкала сызықтарын салады.
Бағана қатарының тік екен-
дігін тексеру үшін бүйірлік
нивелирлеу əдісін қолдануға
болады. Бағаналардың осіне
пареллель 0,5-1
м
қашықтықта
көмекші сызықты қадалайды.
Көмекші сызық үстіндегі бір
нүктеге
теодолит орнатады
да (мысалы,
А
нүктесіне),
АА
/
сызығының бойымен коли-
мациондық жазықтыққа бағ дар-
лайды (152-сурет). Əрі қа рай кіші
рейка табанын бағана бүйіріне
қойып, теодолит дүр
бісінің
екі жағдайында рей
кадан есеп
алады. Орташа есептің берілген
қашықтықтан
ауытқуы арқылы,
монтаждау жұмысының сапасын
анық тайды. Бұл əдістің кемші лігі
– рейка ұстаушыға бағананың
жоғары жағына рейка ұстау кейде қиынға соғады.
Бағаналарды монтаждаудың дəлдігін, сенімділігін тексеріп
отыру жəне келесі монтаждау жұмыстарын,
кран астындағы
балкаларды жəне кран жолдарын салуды керекті дəлдікпен
қамтамасыз ету үшін, жалпы ғимараттық бағаналар үстімен
152-сурет
. Екі теодолитпен
бағананың тік орнатылуын бақылау
тəсімі.
1 – бағана қырындағы
бақылау шкаласы; 2, 7 – бағананың
ретімен жоғары жəне төменгі қима
қырларындағы сызық-ойықтар;
3 – теодолиттің проекцияланушы
көздеу осі; 4 – теодолиттер;
5 – осьтік белгілер; 6 – қадалау
осьтері.