Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59



Pdf көрінісі
бет133/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

160-сурет
. Кран асты рельстерінің орналасу жағдайларының тəсімі
1, 2 – екі консольді жəне бір консольді бағаналар. Үшкілдермен кран асты 
рельстерінің осіне қарағандағы ауытқуы көрсетілген (мм); плюс (+) жəне 
минус (-) таңбалары бағаналардың жоғары немесе төмен орналасқанын 
көрсетеді (мм)


276
§16.7 Қабырғаларды тұрғызудағы қабатаралық жабу 
жəне ішкі жабдықтарды орнатудағы геодезиялық 
жұмыстар
Ғимарат қабырғасын тұрғызу үшін осьтерін қадалау
. Ғи-
марат осьтерін қадалаудың бастапқы берілімі болып, ғима 
рат-
тың құрылыс осьтерін салу кездеріндегі белгілер саналады. 
Қабырғалардың барлық ұзынабойлық, көлденең жəне олардың 
сыртқы, ішкі қырларын болат таспамен фундамент үстінде қа-
далайды. Фундамент үстінде салынған ойық-сызықтар арасын-
да бор жағылған шнурды тартып, қабырға осін немесе қабырға 
қырының орнын белгілейді. Ғимаратты салу кезінде жүйелі түрде 
осьтерді жəне қабырға қырларын теодолитпен шығарып отыра-
ды. Бірінші рет осьтерді қабырға биіктігі 2 
м
көтерілген кез-
де шығарады. Шығарылған осьтерді бояумен белгілейді жəне 
олардың ретін, атын жазып қояды. Мұндай белгілерден есік жəне 
терезе орындарын қадалау жұмыстары жүргізіледі.
Астыңғы қабаттан басқа əр қабат қабырғаларын қадалау 
бағана осьтерінен жүргізіледі. Бірақ мұнда орындалған жұ-
мыстың тəсімінде көрсетілген бағаналардың жобалық орналасу 
жағдайларынан ауытқу шамаларын есепке алып отырады. Есік, 
терезе, коммуникациялық ұя, қуыстардың жобалық орналасу 
жағдайларын тексеріп отыру керек. Мұнда шектік ауытқулар ша-
маларын ұзындыққа сай, тең етіп бөліп жібереді. Шектік ауытқу 
шамасынан асып кеткен жағдайда, осьтерді шығару дұрыстығын 
тексереді.
Ғимарат қабырғалары өскен сайын, оның биіктік шамасын 
сол деңгейге шығарып отырады. Ярус шамасында (екі қабат ша-
масында), биіктікті тік ілінген таспа арқылы береді. Шығарылған 
биіктік шамасын қабырғаға бояумен белгілеп жазып қояды. 
Жұмыс істеу сызбаларында нөлдік биіктік шамасы ретінде бірінші 
қабаттың «таза еден» (уровень чистого пола) деңгейі алынады, ал 
бұл деңгей оның абсолютті биіктігіне тең болады.
Ғимаратты кірпіштен қалау кездерінде, мұндай деңгейді 
барлық жұмыс істеп жатқан тұстарының əр жеріне шығарып, 
белгілеп қояды. Осы биіктік шамаларын кірпішпен қаланған 
қабаттарды түзеткеннен кейін, қабырғаның сыртқы жағына, 
деңгей шамасын бірдей, оңай оқылатындай етіп жазып қояды 
(+0,5; +1,5 т.с.с.). Бұл белгінің қатарына кірпішті биіктік бойын-


277
ша қалай дұрыс қалауды көрсетіп тұратын 
қатарлағыш
-реттеуші 
шкаласы бар рейканы қағып қояды. Рейкадағы шкала бөліктері 
əр 75 
мм
сайын, яғни стандартты кірпіш қалыңдығы 65 
мм
, лай 
қоспасының қалыңдығы 10 
мм
тең шамамен жүргізіледі. 
Кірпіш қалаудың жазықтығын, қатарлағыш арқылы əр 
кірпіш қатарына шнур тартып тексереді. Келесі қатарлағышты 
орнатуда оның төменгі жағын нивелир арқылы белгілейді. 
Бірінші қабатты дұрыс қалау келесі қабаттарды қалаудың сапа-
сын арттырады. Сондықтан қалау беттерінің тіктігі, жазықтығы 
жəне бұрыштарының дұрыс шығарылуы, сонымен бірге қалау 
қатарларының жазықтығын 1 
м
биіктікке екі рет тексеріп оты-
рады. Байқалған ауытқуларды, егер олар шектік шамадан аспа-
са, қабатаралық жабу деңгейі кезінде ретке келтіреді. Қабырға 
қалаудың тіктігін екі метрлік рейканы қабырғаға жанастыра 
қойып тексереді.
Ғимарат қабырғасы қаланып болған тұсында орындалған 
жұмыстың тəсімі жасалады, бұл тəсім қабырғаны əрілеу
кезінде 
негізгі құжат болып саналады. Қабырғаны осьтік ойық-сызықтан 
бастап түсіреді. Қабырғаның көлденең қалыңдығын, оның жо-
ғары жағынан өлшеу арқылы немесе жобалық осьтер арасын 
-
дағы ойық-сызық арқылы есептеп шығарады. Орындалған жұ-
мыс ты түсіруде бүйірден нивелирлеу əдісі кеңінен қолда нылады.
Терезелік жəне есік орындарын қадалау
əр қабаттағы қабырға 
қырларына шығарылған осьтерінен басталады. Мұндағы қадалау 
жұмыстарын тексеру екі іргелес осьтерден атқарылады. Каркасты 
(қаңқалы)
ғимараттар үшін есік жəне терезе орындарын жобалық 
осьтерден ауытқуы мүмкін екендігін есепке ала отырып, жақын 
орналасқан бағаналардан бастап қадалауға болады.
Кірпіштен салынатын ғимараттарда, іргелес терезе орын-
дарының жобалық орындарынан ауытқуы ±20 
мм
аспауы керек, 
ал ірі панельді жəне блоктардан салынатын ғимаратарда ±10 
мм
аспайды. Осындай шектік шамалар терезе мен есік орындары-
ның биіктік шамаларын тексеруде қолданылады. Көп қабатты 
ғимараттарда терезе блоктарының ұзынабойлық жəне көлденең 
осьтерін төменгі жəне жоғары қабат блоктарында, төменгі 
қабаттан жоғары қабаттар арасында ойық-сызықтар арқылы 
керілген сым арқылы белгілейді. Терезе блоктарын биіктік бо-
йынша орнату үшін, əр терезе орындарына терезенің қандай биік-
тікте орнатылатынын нивелир арқылы шығарып, бояумен жаза-


278
ды да, терезе блоктарын деңгей 
жəне тіктеуішті пайдалана оты-
рып, жобалық биіктікке орна-
тады. Терезе блоктарын орна-
тудағы орындалған жұмыс 
тəсімін жасайды, бұл құжат 
атқа 
рылған жұмысты тапсыру 
актісінің қосымшасы ретінде 
қабылданады. Есік орындарын 
қадалау ғимарат ішіндегі кез 
келген құрылыс немесе қосымша 
осьтерінен басталады.
Қабат араларын темірбе-
тонды плиталармен жабу ке-
зіндегі қадалау жұмыстары

Темір 
бетонды плиталармен қа-
бат аралық тарын жабу алдында 
ригелдер осьтерінің пландық 
ара лары тексеріледі. Плиталарды 
орнатпастан бұрын, балкалардың 
түзу сызықтылығын, тартылған сым немесе сызғыш пен анықтайды.
Темірбетонды монолит жаппалар үшін, құйма қалыптардың 
пландық жағдайларын құрылыс осьтерін бекітетін сызық-
ойықтардан немесе бағана осьтерінен бастап белгілейді. Жабудың 
жоғарғы жағын, ригелдерді пісіріп бекітудегі орындалған жұмыс 
тəсімін пайдалана отырып, каркас ригелінің қырынан бастап 
орнатады. Жабу жұмыстарын бетондау қалай дəл орындал-
са, соғұрлым таза еден құрылымы төзімді болады. Сондықтан 
жабу плитасының қалыңдығы, жобалық шамасынан ±10 
мм
кем 
болмауы керек. Жабу үшін орнатылған қалыптың жоғарғы жақ 
биіктік шамасын, қабырғаның немесе бағананың ішкі қырына 
шығарылған биіктіктерінен бастап тексереді. 
Сонымен бірге жабу плитасында қалдырылған тесіктегі ағаш 
тығын орындарының орналасу жағдайларын тексереді. Бұдан 
басқа, кейбір жерлерде жабу плитасындағы арматура торының 
жоғары жақ биіктік шамаларын нивелирлеп, қорғаныс қабаты- 
ның (судан, дыбысты азайту, суықтан қорғайтын қабат) қа-
лыңдығын анықтайды, мұнда қабат қалыңдығының дəлдігін 
±5 
мм
сақтау керек (161-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет