Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


§ 8.4 Биіктік белгілерінің түрлері



Pdf көрінісі
бет41/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

§ 8.4 Биіктік белгілерінің түрлері
Құрылыс алаңдарында геодезиялық жұмыстарды атқару 
кездерінде, сол алаңда (оның маңында) орналасқан геодезиялық 
белгілердің (пландық түсіріс нүктелерінің, биіктік реперлерінің) 
көпке шыдамдылығына, сақталынуына ерекше көңіл бөлінді, 
7–589


98
себебі бұл белгілердің бұзылуы немесе жоғалып кетуінен, 
істелген геодезиялық жұмысты қайталап атқару ғана емес, кейде 
бүтін бір кешенді инженерлік-геодезиялық жұмысты қайталауға 
əкеліп соғады.
Геодезиялық биіктік белгілері екі топқа бөлінуі мүмкін: 
жерге 
орнатылған
(қағылған) жəне 
қабырғалық
.
Уақытша белгілер 
– жерге, ғимарат немесе құрылыс 
қабырғаларына, кесілген ағаш түбірлеріне, үлкен тастарға, арма-
туралар қағылған (орнатылған) ағаш бағаналар, металл құбырлар, 
соғылған шегелер жəне с.с.
Тұрақты жерлік (жерге орнатылған) белгілер (реперлер) – 
бұлар жерге қазып орнатылған бетонды монолит. Белгінің бетон-
нан шығып тұрған ұшын жарты сферадай қылып ұштап қояды да, 
осы нүктені пландық жəне биіктік нүктесі ретінде пайдаланады. 
Бетон лай қоспасына кейде арматураның орнына рельсті салады, 
бірақ алдын ала оның да ұшын биіктік репері ретінде қолдануға 
ыңғайлы болатындай етіп өңдейді (49 ə-сурет).
49-сурет. 
Жерлік биіктік белгілері.
50-сурет

(а) қабырғалық марка
а-рельсті монолит ə-арматуралы
жəне қабырғалық репер (ə)
монолит, қақпақты
Құрылыс алаңдарында кеңінен қолданылып жүрген жерлік 
реперлердің жоғары ұшы, биіктік белгісі ретінде пайдаланады, ол 
бұзылмас үшін құйылған темір қақпақпен жабылған.
Жерлік белгілерді орнатып болған соң, оны жақын маңдағы 
заттарға (құрылыс нысандарының айтулы нүктелеріне) үш-төрт 
өлшеулермен байланыстыра отырып, сызба-суретін салып, құжат 
ретінде сақтайды.
Тұрақты қабырғалық биіктік белгілерінің 
(маркалар жəне 


99
реперлердің) 50-суретте көрсетілгендей ортасында аспалы рей-
каны іліп қоятын стержень орнататын тесігі болады немесе 50 
ə-суреттегідей рейканы қоятын тепкішегі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет