65
химиялық элементтер атомдарының үздіксіз орын ауыстырулары
жүріп жатады. Басқаша айтқанда атомдардың көші-қон үдерістері
жүреді. Бірақ олардың қарқындылығы биосфераның әр
бөлімшесінде әртүрлі. Орын ауыстырудың өзін әдетте қандай да
бір
көші-қондық ағынды бөліп алып, кеңістікте шектеуге болады.
Биосфераның, тіпті жер қыртысының көші-қон ағынының
қысқа аралығында химиялық элементтер көші-қонының
қарқындылығы күрт төмендеп, соның салдарынан олардың
шоғырлануы күрт жоғарылайтын бөлімшелері геохимиялық
тосқауылдар деп аталады. Бұл терминді 1961 жылы А. И.
Перельман ұсынды [3], ол қазіргі кезде Жер туралы бірқатар
ғылымдардың аса маңызды бөлімдерінің біріне айналған
геохимиялық тосқауылдар туралы ілімнің негізін қалады.
Соңғы жылдары көптеген химиялық элементтер биосфераға
жер қыртысының жоғары бөлігіне тән емес концентрацияларда
түсе бастады. Бұл күрт өскен антропогендік қызметке
байланысты. Ондай элементтердің бөлініп, таралуы көбінесе тек
тұтас биосфераның шегінде ғана емес, белгілі бір деңгейдегі бір
бөлімнің шегінде де біркелкі емес.
Биосфераның геохимиялық тосқауылдары негізгі екі тұрпатқа
–
табиғи және техногендік геохимиялық тосқауылдарға бөлінеді.
Олардың екеуі де көшіп-қонудың себепші шарттары өзгерген
бөлімшелерге орналасады. Табиғи геохимиялық тосқауылдар
пайда болған жағдайда көші-қон себепші шарттарының, тиісінше
геохимиялық ахуалдың өзгеруі биосфераның нақты бөлімшенің
табиғи жағдайларына байланысты. Техногендік геохимиялық
тосқауылдар пайда болған жағдайда көшіп-қонудың себепші
шарттарының өзгеруі антропогендік қызметтің нәтижесінде
болады.
А. И. Перельман геохимиялық тосқауылдардың екі тұрпатын
да үш класқа: физикалық-химиялық, биогеохимиялық және
механикалық кластарға бөледі. Кейін В. А. Алексеенко [23, 24]
тек қана техногендік (әлеуметтік) тосқауылдар класын бөліп
қарастырды. Физикалық-химиялық тосқауылдардағы заттардың
шоғырлану дәрежесі өте жоғары.
Механикалық тосқауылдар заттардың механикалық орын
ауыстыру қарқындылығы күрт төмендейтін, нәтижесінде олар
жинақталатын бөлімшелер болып табылады. Биосферадағы
механикалық тосқауылдар негізінен элементтердің минералдық
68
қалыптасу үдерісі адамдардың белгілі бір қауымдастығының,
жалпы адамзаттың нақты даму дәрежесін көрсетеді.
Әлеуметтік тосқауылдар алып жатқан аумақтар дүниежүзі
бойынша үздіксіз өсіп келеді және олар адамзаттың өмір сүру
қауіпсіздігіне нақты қауіп туғыза бастады. Осы айтылғандардың
барлығы адамдардың өмір сүруі қарқынды дамып, едәуір
мөлшерде жанды заттар қалыптастырған биосфера жағдайында
өтуде деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Демек,
адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігі көбінесе биосферамен
байланысты. Қоршаған ортаны қорғау тірі организмдердің
жойылуына, тіпті олардың биологиялық сан-алуандығының
азаюына жол бермеуі тиіс, себебі ол адамдардың өмір сүру
қауіпсіздігін айтарлықтай кемітеді.
Достарыңызбен бөлісу: