57
-
аграрлық ландшафт
–
ландшафтты ауыл шаруашылығына
бейімдеп өзгерту нәтижесінде қалыптасқан экожүйе;
-
ауылшаруашылықтық экологиялық жүйе
–
шаруашылық
деңгейіндегі экожүйе;
-
агробиогеоқауымдастық
–
егістік, бау, бақша, жылыжай,
оранжерея;
-
жайылымдық биогеоқауымдастық
–
ауылшаруашылық
жануарларын жаю үшін пайдаланылатын табиғи және өңделген
жайылым;
-
фермалық биогеоқауымдастық
–
ат қора, сиыр қора, қой
қора, құсхана,
мал өсіру кешені, хайуанаттар саябағы.
Келтірілген
құрылымдау
бір
жағынан,
адамның
ауылшаруашылықтық өндіріс үдерісі кезінде қоршаған табиғи
ортамен өзара әрекеттесуінің жан-жақтылығын көрсетеді, екінші
жағынан агроэкологияның пән аралық біріктіруші кешен
ретіндегі мәнін көрсететін зерттеулердің тұтас әдіснамасын
дайындау қажеттігіне көз жеткізеді.
Егер агроэкожүйені шартты түрде табиғи экологиялық жүйе
мен антропогендік энергияның қосындысы ретінде қарастыратын
болсақ, индустриялық дәуірге дейінгі ауыл шаруашылығындағы
энергия шығындарының табиғи экожүйелердегі энергия
ағынымен салыстыруға келетіндігін атап өту керек. Қарқынды
тәсілмен жүргізілетін ауыл шаруашылығында энергияны тұтыну
одан шамалы жоғары (18-сурет). Бұл түпкі нәтижесінде ол
шығындарды қоршаған табиғи ортаға әсерінің дәрежесі бойынша
басқа да антропогендік әсерлермен теңестіреді.
Сонымен, агроэкожүйелер бір жағынан – өндірістің табиғи-
материалдық көзі, екінші жағынан – адамның мақсатқа
бағытталған қызметінің нысаны мен нәтижесі. Агроэкожүйе
зерттеу және басқару нысаны ретінде өндірістік қызмет
нәтижелерінде және табиғи әлеуетті қайта өндіру жағдайларында
жүзеге асырылатын белсенді экологиялық өзара байланыстардың
жиынтығы бар белгілі бір заттық жүйе болып табылады.
Агроэкожүйелер де табиғи экожүйелер сияқты өзара
байланысты көптеген биологиялық, физикалық және химиялық
құрамдас бөліктерден тұрады. Құрамдас бөліктердің араларында
қызметтік байланыстар орнаған кез келген тобы жүйені құрайды.
Агроэкожүйелер
материалдық
әлемнің
экологиялық,
экономикалық құбылыстардың белгілі бір жиынтығы бар ерекше
60
заттар мен энергияның физикалық және химиялық өзгерулерінің
күрделі тізбегі жүретін ауылшаруашылық алқаптары болып
табылатын арнайы түрі.
Достарыңызбен бөлісу: