51
жылдам өзгертетін түрге жатады. Ландшафттардың сукцессиялық
өзгерістері қазіргі кезде негізінен антропогендік әсерден болады.
Табиғаттағы ландшафттық-экологиялық тепе-теңдіктің
серпінін зерттеу мәселесі өте күрделі,
сонымен бірге аса маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Ландшафттар табиғатты
пайдаланудың негізі ретіндегі шаруашылық қызметтен басқа
адамның өмір сүру ортасы ретінде де қызмет атқаратынын естен
шығармау керек. Зерттеулер шаруашылықтық игеру кезінде
орнықтылығы
төмен
солтүс-тіктегі
және
қуаңшылық
ландшафттардың
табиғи
әлеуеті
айтарлықтай
көбірек
төмендейтінін көрсетті. Бірақ орнықты ландшафттар басым
орналасқан орманды далалар және далаларда да қарқынды
шаруашылықтық қызмет кезінде (мысалы, жерлерді жаппай
жырту, ауыр техниканы пайдаланудан топырақ тығыздалған және
басқа да салмақтар түскен кезде) ландшафттардың табиғи әлеуеті
төмендеп, экологиялық ахуал едәуір өзгереді.
Экологиялық зерттеулерде ландшафттың меншікті қисындық
әлеуеті – адамның өмір сүруінің бастапқы сұраныстарын: ауаға,
жарыққа, ауыз суға, азық-түлік көздеріне және еңбек, демалыс,
рухани даму жағдайларына сұраныстарын қанағаттандыру
қабілеті бөлек тұрады. Ландшафттардың экологиялық әлеуеті
табиғи қасиеттері бойынша да (Қиыр Солтүстік және т.б.),
саналы шаруашылықтық қызметтің нәтижесінен (кен өндіру,
жаппай урбанизациялау, гидротехникалық құрылыстар мен
суландыру және т.б.) ландшафттың құлдырауынан да төмендеуі
мүмкін.
Сонымен, ландшафттың экологиялық маңызды және құнды
қасиеттері мен оның табиғи әлеуетінің (орнықтылық, ресурстық
және экологиялық әлеуеттерінің) аумақты экологиялық бағалауда
үлкен маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: