19
демографиялық қанығу емес, адамдардың барлық сұраныстарын
есепке алғанда халық санының шектен тыс артық болуы
байқалды. Демографиялық қанығу заңын сақтамау «адам –
табиғат» жүйесіндегі тепе-теңдіктің күрт бұзылуын туғызады.
Тепе-теңдіктің бұл ауытқуына түрдің тығыздығына байланысты
болатын биоэкологиялық факторлар тобының әсері қосылуы
мүмкін. Бұл шектеуші екі механизм де бір мезгілде іске қосылып,
демографиялық күйреу болу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.
Алғашқы қауымдағы адамдар үшін Жер аумағы шексіз
таусылмайтын ресурс болды. Дегенмен қазіргі кезде халық саны
өскен үстіне өсіп жатқанда, ал ғаламшарымыздың көлемі
шектеулі болғандықтан, Жерде шексіз ешнәрсе жоқ, адам үшін
таусылмайтын табиғи қорлар жоқ екені айқын болуда. «Табиғат –
адам» жүйесінің үнемі өсіп келе жатқан тарабы – сұранысы үнемі
артып жатқан адамзат кез келген көлемдегі ресурсты оп-оңай
сарқуы мүмкін. Жер ғаламшарының аумағы орасан зор болса да,
ол қазіргі адамзат үшін тым шағын болып барады. Таусылмайтын
болып саналатын ресурстар (күн энергиясы және басқа да қуатты
табиғи құбылыстар) адамзаттың энергияны тұтынуының қазіргі
деңгейімен салыстырғанда күрт шектеулі болып қалды. «Жердің
барлық табиғи қорларды мен табиғи жағдайлары ерте ме, кеш пе
сарқылады» – деп тұжырымдалған табиғи ресурстардың
шектеулілік заңын мойындауға тура келеді. Табиғи қорлардың
шектеулілігі қоғамның өндіруші күштеріне, олар арқылы
әлеуметтік қатынастарға әсер етеді. Қазір өндіруші күштердің
дамуы мен қоғамдық озықтықтың табиғи-ресурстық әлеуетінің
арасында сәйкестік байқалуда.
Достарыңызбен бөлісу: