Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет5/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
 


 

КІРІСПЕ 
 
Ландшафттану  –  география  ғылымының  табиғи  кешендердің 
құрылымдық-серпінділік  өзгерістерін  және  олардың  космостық 
энергияның  әсерінен  болатын  кеңістіктік-уақыттық  қарым-
қатынастарын зерттейтін бағыты.   
Ландшафт  өзін-өзі  реттейтін  жүйе  болып  табылады  және 
жанды және жансыз материяның қарым-қатынасының белгілі бір 
шарттарымен сипатталады. Ландшафттың құрамдас бөліктері бір 
аумақта болуымен және оның біртектілігімен, энергияның ортақ 
ағынымен,  биохимиялық  тәртіптемелердің  келбетімен  және 
айналымымен,  антропогендік  қызмет  жағдайындағы  қарым-
қатынаспен  және  өзара  шарттастықпен  тығыз  байланысты. 
Осыған байланысты табиғи-техногендік кешендерді құру кезінде 
оның  бір  құрамдас  бөлігін  өзгерту  экологиялық  тепе-теңдіктің 
бұзылуына  алып  келеді.  Бұл  жаңа  антропогендік  ландшафттың 
пайда болуына алып келетін өзгерістер тізбегін тудыруы мүмкін.  
Ландшафттарды және табиғи-техногендік кешендерді зерттеу 
планетамыздың  табиғи  ресурстары  әлеуетінің  өзгеру  ауқымын 
бағалауға мүмкіндік береді. Оны білу табиғи жүйенің даму жолы 
мен  серпінін  бағалауға  және  көре  білуге,  оның  теріс  салдарын 
алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.
 
«Ландшафттар  және  табиғи-техногендік  кешендер»  пәнінің 
негізгі  мазмұны  табиғи  үдерістердің  ортақ  заңдылықтарын 
зерттеу,  табиғатты  жайластыру  технологияларына  қойылатын, 
аумақтардың  пайдалылығын  жоғарылатуға  бағытталған,  яғни 
табиғи-техногендік  кешендерді  құру  талаптарын  қалыптастыру 
болып табылады. 
«Ландшафттар  және  табиғи-техногендік  кешендер»  пәні 
әртүрлі  дәрежедегі  геожүйелер  түріндегі  табиғи  нысандарды, 
олардың  қасиеттерін,  жұмыс  істеуін,  табиғи  үдерістердің  негізгі 
заңдарын, табиғатты жайластырудың табиғи жүйелердің жоғары 
тиімділігін,  экологиялық  қауіпсіздігін  және  сенімділігін 
қамтамасыз ететін қағидаларын зерттейді. 
«Ландшафттар  және  табиғи-техногендік  кешендер»  пәнінің 
негізгі  міндеті  табиғи  нысандар  туралы  олардың  бірыңғай 
денелер ретіндегі жалпы ұғымды қалыптастыру, жер туралы жеке 
ғылымдардың,  яғни  климатологияның,  геологияның,  гидро- 
геологияның,  топырақтанудың,  гидрологияның,  биологияның 


 

және  экологияның  білімдерін  біріктіру  болып  табылады. 
Табиғатты  жайластыру  нысандарына  мұндай  тәсілдемені 
пайдалану  табиғаттың  құрамдас  бөліктерінің  бірлігін,  табиғи 
үдерістердің  ортақ  заңдылықтарын  анықтауы,  антропогендік 
нысандардың    табиғи  денелерде  тиімді  және  экологиялық 
қауіпсіз орналасуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жағынан қарағанда 
«Ландшафттар  және  табиғи-техногендік  кешендер»  пәнінің 
негізгі  теориялық  және  тәжірибелік  міндеті  табиғи  үдерістердің 
заңдарын  тауып,  ол  үдерістерді  адамның  антропогендік  қызметі 
жағдайында басқаруға үйрету болып табылады.  
«Ландшафттар  және  табиғи-техногендік  кешендер»  пәнінің 
практикалық маңыздылығы ең алдымен оның табиғи жүйелердің 
ресурстарын  тиімді  пайдалануды  ғылыми  негіздей  алуы  және 
табиғи-техногендік кешендерді  табиғи  жүйелердегі  экологиялық  
тепе-теңдікті сақтай отырып құру мүмкіндігі. 
Қазіргі  заманғы  «Ландшафттар  және  табиғи-техногендік 
кешендер»  пәнінің  теориялық  пән  ретіндегі  басты  міндеті  оның 
әртүрлі  тарауларын  және  орасан  зор  нақты  деректерді  табиғат 
пен  адамның  табиғатты  пайдалану  жүйесіндегі  нақты  қарым-
қатынастарының  барлық  жақтарын  көрсететін  бір  жүйеге 
біріктіру болып табылады. Бұл адамның антропогендік қызметін 
дұрыс  ұйымдастыру  үшін  жаңа  әдіснама  дайындау  кезінде 
табиғатты  пайдалану  және  табиғатты  жайластыру  жүйесіндегі 
қазіргі заманғы проблемаларды түсіну үшін қажет.  
Ландшафттар  және  табиғи-техногендік  кешендер»  пәнінің 
табиғатты  пайдалану  саласындағы  негізгі  басымдылықтары 
жаhандық, өңірлік және ішкі сипаттағы экологиялық мәселелерді, 
экологиялық  дағдарыстың  себептерін  зерттеуге  және  оны  шешу 
шараларын дайындауға байланысты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет