5
АЛҒЫ СӨЗ
Табиғатты пайдалану және табиғатты жайластыру
проблемалары ХХ ғасырдың соңында ең бір көкейкесті мәселе-
лердің біріне айналды. Экологиялық дағдарыстан шығу және
табиғатты пайдалану саласында пайда болған экологиялық
проблемаларды табысты шешу үшін жаңа идеологияға,
экономика мен өндірісті экологияландыруға ауысу қажет. Бұл
адамның қызмет нысаны болып табылатын ландшафттар туралы
терең білімдерді меңгеруді талап етеді. Ал ол үшін білімдердің
бірыңғай теориялық негізінде құрылған және ауыл шаруашылық
ғылымының дәстүрлі шеңберінен тыс жаңа жүйесі қажет.
Ландшафт және табиғи-техногендік кешен туралы білімдер ауыл
шаруашылығын суландыру және су шаруашылығы саласының
болашақ мамандарына өз жұмыстарын экологиялық қатаң
талаптар жағдайында ұйымдастыруға көмектесуі тиіс.
Ландшафттану бойынша оқулық шығару жоғары оқу
орындарының
білімгерлерін
ауыл
шаруашылық
және
географиялық мамандықтарға дайындау кезіндегі сұранысын
қанағаттандыру қажеттігінен туындады.
Ұсынылып отырған оқулықта ландшафттардың және табиғи-
техногендік кешендердің, теориялық негіздеуші пәннің
мәселелері, ғылымның тірі организмдер мен қоршаған ортаның
өзара қарым-қатынастарының заңдылықтары туралы салалары
кеңінен түсіндіріледі. Мұнда қазіргі заманғы ландшафттанудың
және табиғи-техногендік кешендер туралы ұғымның негізгі
ережелері мазмұндалады, табиғатты пайдаланудың қазіргі
заманғы проблемалары көрсетіледі.
Оқулықты дайындау кезінде Н. Ф. Реймерс [1], И. П. Гера-
симов [2], А. И. Перельман [3], Д. Л. Арманд [4], А. Г. Исаченко
[5], Ф. Н. Мильков [6], Н. А. Солнцев [7], А. И. Голованов [8],
Г. А. Сенчуков [9] сияқты шетелдік және А.В.Чигаркина [10],
Г.В.Гельдыева [11], Г. М. Жанәлиева [12] сияқты қазақстандық
авторлардың монографияларының, оқулықтары мен оқу
құралдарының материалдары кеңінен пайдаланылды. Авторлар
олардың барлығына үлкен алғыстарын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: