Геожүйелер қатарын жіктеу
Өлшемдік тәртібі
Геожүйелер қатары
1
2
Ғаламшарлық
Ғаламшарлық геожүйе
Физикалық-географиялық белдеу
Физикалық-географиялық облыстар тобы
Субконтинент және оны құрайтын мегажағдайлар
Өңірлік
Физикалық-географиялық облыс:
-
ендік белдемдігімен;
-
вертикалдық белдеулілігімен;
Табиғи белдем
Табиғи белдемше
Провинция
Топологиялық
Макогеохора (округ, ландшафт)
Топогеохора (аудан)
Мезогеохора (жер, алқаптар тобы)
Микрогеохора (алқап)
Элементарлы гетерогендік ареал
2.4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ (экожүйе)
2.4.1 Экологиялық жүйелер туралы түсінік
Тірі организмдер және олардың жансыз (бейбиотикалық)
қоршаған ортасы бір-бірімен тығыз байланысты, үнемі өзара
әрекеттесуде болады. Белгілі бір жерде бірлесіп жұмыс істейтін
барлық организмдер кіретін және физикалық ортамен энергия
ағыны дәл анықталған құрылымдарды, жанды және жансыз
бөліктерінің арасында заттар айналымын жасайтындай болып
өзара әрекеттесетін кез келген бірлік (биожүйе) экологиялық
жүйе болып табылады.
Экожүйе термині көне грек тіліндегі оіkоs – үй, отан және
sуstеmа – бөліктерден құралған тұтастық деген сөздерден
шығады және және жанды және жансыз құрамдас бөліктердің
биосферада, қандай да бір аумақта немесе су айдынында тарихи
қалыптасқан тұтас және орнықты жүйелерін білдіреді.
25
Экологиялық жүйе немесе экожүйе
–
оған бір-бірінің
қасиеттеріне өзара әсер ететін құрамдас бөліктер – организмдер
мен жансыз орта және тіршіліктің Жердегі бар түрлердің
болуына қажетті жағдайлар кіретін болғандықтан экологиядағы
негізгі қызметтік бірлік болып табылады. «Экожүйе» терминін
алғаш рет 1935 жылы ағылшын экологы А. Тенсли (1871-1955)
ұсынды. Экожүйе туралы ұғым одан көп ертерек пайда болған.
Организмдер мен ортаның бірлігі туралы ойларды тарихтың ең
көне жазба жәдігерлерінен табуға болады. Дегенмен, ондай нақты
пікірлер тек ХІХ ғасырдың соңында ғана Американың,
Еуропаның және Ресейдің әдебиеттерінде бір мезгілде пайда бола
бастады (К. Мебиус, 1877; С. Форбс, 1877; В. Докучаев, 1886).
Қазіргі кезде экожүйенің келесі анықтамасы кеңінен таралған.
Экожүйе – организмдер мен бейорганикалық құрамдас
бөліктердің заттар айналымы жүзеге асырылуы мүмкін кез келген
жиынтығы. Н.Ф.Реймерс (1990) бойынша экожүйе – тірі
организмдер мен олардың өмір сүру орталарының біртұтас
біріккен және жекелеген экологиялық құрамдас бөліктердің
арасындағы өзара тәуелділіктің және себептік-салдарлық
байланыстардың негізінде пайда болатын кез келген
қауымдастығы.
Өзіндік ерекшелікті физикалық-химиялық орта (биотоп) мен
тірі организмдердің (биоқауымдастық) жиынтығы да экожүйені
құрайтынын атап өту қажет. А. Тенсли (1935) келесі
арақатынасты ұсынды:
Экожүйе = Биотоп + Биоқауымдастық
Сондай-ақ, 1940 жылы В. Н. Сукачев [17] ұсынған «биогео-
қауымдастық» термині де кеңінен қолданылады. Оның
анықтамасы бойынша «биогеоқауымдастық – жер бетінің белгілі
бір аумағындағы біртектес табиғи құбылыстардың (атмосфера,
тау жыныстары, топырақ және гидрогеологиялық жағдайлар) осы
құрамдас бөліктердің өзара әрекеттесуінің өзіндік ерекшеліктері,
олардың өз арасында және табиғаттың басқа құбылыстарымен зат
және энергия алмасудың белгілі бір тұрпаты бар және үнемі
қозғалыста, дамуда болатын ішкі қарама-қайшылықты
диалектикалық
бірлік
болып
табылатын
жиынтығы».
Макрожүйенің қызметтік мәнін білдеретін «экожүйенің»
26
мазмұнына
қарағанда
«бигеоқауымдастықтың»
мазмұны
зерттелетін макрожүйенің құрылымдық сипаттамаларын едәуір
көбірек дәржеде көрсетеді деген пікір бар. Іс жүзінде бұл екі
терминнің арасында айырмашылық жоқ.
А. Тенслидің экожүйе және В. Н. Сукачевтың биогео-
қауымдастық туралы белгілі тұжырымдамаларынан басқа
Ф.Эванстың (1956) «экожүйе» терминін қоршаған ортамен өзара
әректтесетін кез келген жанды жүйені белгілеу үшін пайдалануды
ұсынған тұжырымдамасы бар. Жүйелердің жалпы теориясы
қөзқарасынан қарағанда мұндай тәсілдеменің де қисыны бар.
Дегенмен
көптеген
авторлар
«экожүйе»
терминіне
биогеоқауымдастықтың, яғни қарапайым экожүйенің және
сонымен бір мезгілде иерархия бойынша биосфераның
экожүйесіне
дейінгі
жоғары
биогеоқауымдастықтық
құрылымдардың мағынасын берді.
Экожүйе
–
оған бір-бірінің қасиеттеріне өзара әсер ететін
құрамдас бөліктер – организмдер мен жансыз орта және
тіршіліктің Жердегі бар пішінінде болуына қажетті жағдайлар
кіретін болғандықтан экологиядағы негізгі қызметтік бірлік
болып табылады.
Экожүйе
–
өзара трофикалық байланыстағы тірі
организмдердің және олар өмір сүру ортасынан өзара зат алмасу
үдерісіне тартатын жансыз құрамдас бөліктердің жиынтығы.
Экожүйе
–
жекелеген
организмдердің
немесе
популяциялардың және олардың өмір сүру ортасының бірлігі.
Оған белгілі бір жерде бірлесіп өмір сүретін және физикалық
ортамен энергия ағыны дәл анықталған биотикалық
құрылымдарды, жанды және жансыз бөліктерінің арасында
заттар айналымын жасайтындай болып өзара әрекеттесетін
барлық организмдер кіреді.
Жүйелердің жалпы теориясына сәйкес экожүйелердің күрделі
жүйелерге тән эмердженттік, элементтердің қажетті сан-
алуандылығы, орнықтылық, тепе-теңсіздік, зат және энергия
алмасудың тұрпаты, эволюция сияқты жалпы қасиеттері бар.
Экожүйелер энергия ағындарымен және оны жинақтау
мүмкіндігімен, заттардың ішкі және сыртқы айналымымен
сипатталады, барлық үдерістерді реттеу қабілетіне ие. Экожүйені
зерттеу ең алдымен олардың өзгерістерінің жағдайы мен
27
беталысын, олардың өнімдерінің шекті мөлшерлерін, қалпына
келтіру және қорғау жолдарын анықтауға бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |