Географиялық ғылым ХХІ ғасырдың қарсаңында Жерді
әртүрлі өлшемдегі генетикалық біртекті нысандарға, яғни табиғи
жүйелер иерархиясына: табиғи жүйелерге, географиялық
белдемдерге, геожүйелерге, экожүйелерге және ландшафттарға
бөлудің айтарлықтай реттелген теориясын құрастырды.
Табиғи жүйелердің иерархиясы –
әлемнің қызметтік
жүйелерін өзара бір-біріне бағындыру. Мұнда шағын жүйешелер
үлкен жүйелерді құрайды, ал ол жүйелер олардан ірі жүйелердің
жүйешелері болып табылады.
Жердегі экожүйелердің өлшемдері сан-алуан. Олардың ішінде
микрожүйелер (мысалы, ағаштың діңгегі), мезоэко-жүйелер
(орман, тоған және т.б.), макроэкожүйелер (құрлық, мұхит және
т.б.) және жаhандық экожүйе – биосфера бар.
Экожүйелердіңиерархиясы –
келесі қатардағы қызметтік
өзара бағыныс (ұсақ және қарапайым жүйелердің ірі және күрделі
жүйелердің құрамына кіруі):
-
биосфера –
Жер атмосферасының тірі организмдер
мекендейтін төменгі бөлігі, гидросфера тұтасымен және
литосферасының жоғары бөлігі, яғни Жердің тірі организмдердің
жиынтық қызметі ғаламшарлық ауқымдағы геохимиялық фактор
ретінде көрінетін қабығы;
-
биоорбис
(биогеографиялық облыс) – биосфераның
продуценттердің,
консументтердің
және
редуценттердің
бірлескен эволюциялық дамуының геологиялық ұзақтығы және
орталардағы жағдайларының әртүрлі болуының нәтижесінде
құрлықтың, гидросфераның және литосфераның тірі организмдер
мекендейтін бөлігінің шектерінде пайда болған ірі бөлімшесі;
-
биобелдем
(табиғи белдеу) – бірнеше биомдарды біріктіретін
және биқауымдастықтардың биоорбистің қалыптасқан кешенінен
қалыптасатын физикалық-географиялық белдеу;