64
20-
сурет. Қоршаған ортаның ластануы (Б. Небел бойынша, 1993)
5.
Қоғамның басты өндіруші күші – адамның физикалық және
ғибараттық жағдайының тікелей немесе жанама түрде
нашарлауы.
Абстракттік тәсілдеме бойынша қоршаған ортаның барлық
мәселелерін адаммен байланыстыруға, қоршаған ортаға
жасалатын кез келген кері әсерді шаруашылық қызметпен
айналысушы, өнім өндіруші, техникалық озықтық дамытушы,
тіпті Жер ғаламшарының жай ғана тұрғыны ретіндегі – адам
жасайды деуге болады. Осыған байланысты адамның қызметінің
қоршаған ортаға ерекше зиянды әсер ететін кейбір жақтарын
талдау қажет. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластаушы және
нашарлатушы негізгі көздер өнеркәсіп, көлік, қазіргі заманғы
техникаларды тұтыну және пайдалану, кенттену (урбанизация)
және т.б. болып табылады. Мұндай тәсілдеме адам қызметінің
қоршаған ортаға зиян келтіретін немесе қауіп туғызатын
салаларын бөліп алып қарастыруға, олардың салдарын түзету
немесе алдын алу жолдарын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: