Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Аграрлық ландшафттар (агроландшафттар)



Pdf көрінісі
бет29/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
2.8.2 Аграрлық ландшафттар (агроландшафттар) 
 
Адамның  өндірістік,  оның  ішінде  ауыл  шаруашылықтық 
қызметі тұтас табиғи құрылымдардың – ландшафттардың ішінде 
жүзеге  асырылады.  Ландшафт  –  өзара  әрекеттесетін  табиғи 
немесе  табиғи  және  антропогендік  құрамдас  бөліктерден  және 
төменірек  дәрежедегі  кешендерден  тұратын  аумақтық  жүйе, 
табиғатты  қорғаудың  барынша  жалпы  тұтас  нысаны.  Бұл 
тұрғыдан ол қорлары бар және қорлар өндіретін жүйе, адамның 
өмір  сүру  және  қызмет  ортасы,  тұқымдық  қордың  қоймасы, 
табиғи  зертхана  және  эстетикалық  сүйсіну  нысаны  ретінде 
қарастырылады.  Ол  –  пайда  болу  және  даму  көзі  бойынша 
біртекті,  бірыңғай  геологиялық  негізі,  бірдей  жер  бедері, 
топырағының,  өсімдіктерінің  біркелкі  үйлесімі  бар  және  басқа 
аумақтардан  құрылымы,  жекелеген  құрамдас  бөліктерінің 
арасындағы  өзара  байланысы  мен  өзара  әрекеттесуінің  сипаты 
жағынан айырмашылығы бар аумақ.  
Агроландшафттар  –  аумағының  көп  бөлігінің  биотикалық 
құрылымында адам жасанды түрде қалыптастырған және табиғи 
фито,  зооқауымдастықтарды  алмастырған  тірі  организмдер 
қауымдастығы басым болатын антропогендік ландшафт, яғни көп 
бөлігінде  табиғи  өсімдіктерді  мәдени  дақылдардың  егістіктері 
алмастырған ландшафт.  
Сонымен,  адам  қандай  да  бір  әлеуметтік-экономикалық 
қызметтерді  орындау  үшін,  ландшафтты  аумақтық  табиғи 
құрылым  ретінде  жерлерді  ауыл  шаруашылығына  пайдалану 
жағдайында, саналы және мақсатқа бағытталған түрде өзгертеді. 
Табиғи  ландшафттардың  құрылымында  шаруашылық  қызметтен 
болған өзгерістер антропогендік ландшафттардың қалыптасуына 
алып  келеді  және  ол  өзгерістер  мақсатқа  лайықты  да  (су 
қоймалары,  орман  парктері,  егістіктер  және  т.б.),  лазымсыз  да 
(жыртылған  алқаптағы  жыралар,  суармалы  жерлердегі  сорлар, 
батпақтанған жерлер және т.б.) болуы мүмкін.   
Сірә,  өңделген  агроландшафт  туралы,  яғни  табиғи 
шекаралары бар табиғи құрылым, бірақ қазіргі жағдайларда және 


 
61 
әртүрлі  көлемдегі  және  үйлесімдегі  сан-алуан  антропогендік 
факторлардың  әсерінен  қалыптасатын  агроландшафт  деп  айтқан 
дұрыс  сияқты.  Адам  агроландшафт  құра  отырып,  оның 
өнімділігін және тұтынушылық құнын жоғарылатады.  
Өңделген  ландшафтты  оңтайландыру  сынақтық  өлшемдерін 
дайындау кезінде келесі жай-жапсарларды есепке алу керек: 

оңтайландыру  нысаны  нақты  геожүйе,  атап  айтқанда 
ландшафт болуы тиіс; 

ландшафттың  әртүрлі элементтерінің  ұйымдасу  дәрежелері 
және  орнықтылықтары  әртүрлі:  иерархиялық  қатарда  төмен 
орналасқан  элементтердің  сырқы  әсерлерге  орнықтылықтары 
төмен; 

географиялық  қабық  сан-алуан  түрлі,  оның  элементтері  – 
араларында  заттар  мен  энергия  алмасу  үнемі  жүріп  жататын 
ашық  жүйелер,  сондықтан  ішкі  әсерлер  оның  бастапқы 
көздерінен айтарлықтай қашыққа таралуы мүмкін; 

ішкі  әсерлердің  шоғырланған  тиімділігі  бар,  бастапқыда 
тұрақты геожүйелер жаңа геожүйлерге өзгеруі мүмкін, сондықтан 
геожүйенің буферлілігін бағалай білу және оның шегінен шықпау 
қажет. 
Аграрлық  өндіріс  саласында  ғасырлар  бойы  егіншіліктің 
әртүрлі  жүйелерін  дайындау  және  енгізу  арқылы  реттелетін 
жасанды  биогеоқауымдастықтық  жамылғыны  құрастыру  үдерісі 
жүзеге  асырылып  жатыр.  Мұнда  ең  алдымен  өндірістің  нақты 
аумақтың  ландшафттық  ерекшеліктерімен  анықталатын  табиғи 
базисін дұрыс есепке алу және барынша пайдалану қажет.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет