75
аллювиалдық-пролювиалдық, көлдік-аллювиалдық, делюви-
алдық-пролювиалдық және жел шөгінділі (эолдық) жазықтар
ландшафттарының 30 түрі бар.
Күрделі морфологиялық құрылымымен ерекшеленетін шөл
ландшафттарымен қатар Арал теңізінің құрғап кеткен табанында
бастапқы табиғи-аумақтық кешендер қалыптасып жатыр. Олар
дамып жатқан сорлары және жалаңаш құм массалары, тұзға
төзімді (галофиттер) және құм өсімдіктері (псаммофиттер) бар
бастапқы теңіздік құмды, саздақты жазықтар болып табылады.
Аллювиалдық жазықтар ландшафттарының литогендік
негіздері Сырдария өзенінің орта және жоғарғы плейстоцендік
аллювийі, негізінен сазды, құмдақты және құмды түзілімдер
болып табылатын бірнеше түрлері бар.
Делювиалдық-пролювиалдық
жазықтар
ландшафттары
Солтүстік Арал маңында көтеріңкі жазықтар мен үстірт
жұрнақтары бөктерлерінің бетіндегі уақытша ағындар
жағдайында қалыптасты.
Көтеріңкі қабатты жазықтардың және төрткүл таулы
үстірттердің ландшафттары Солтүстік Арал маңына және
Жосалы*
қыратына тән, олардың 11 түрі бар.
Солтүстік Арал маңында, Ырғыз өзенінің аңғарынан Арал
теңізінің жағалауына дейін қоңыр сортаңды және сұр-қоңыр
сортаңды, тақырлы нашар дамыған топырағында сұр жусан
өскен, тақырлармен, сортаңдармен, сорлармен бөлшектенген
үстірттердің ландшафттары басым.
Жосалы* үстіртінің ландшафттары эрозиялы сұр-қоңыр
топырағында өсетін тұран жусанының, біржылдық жусанның
басымдылығымен ерекшеленеді.
Батыста Арал маңы Қарақұмының жел шөгінділі жазықтары
беті желден едәуір мүжілген, құм алқаптарымен күрделіленген
қабатты жазықтармен шектелген.
Төрткүл тау үстірттерінің шөлді ландшафттары солтүстікке
қарай Торғай өзенінің оң жағалауын бойлай Ұлыжыланшық
өзеніне дейін созылып жатыр.
Ландшафттардың аталған түрлері картада көрсетілген, олар
табиғатты қорғау үшін ландшафттық карталар және Торғай өңірі
ландшафттарының болжамды даму беталыстарының карталарын
жасау үшін бастапқы материал болып табылады.