72
3.1 ЖАЗЫҚТЫҚ ЛАНДШАФТТАРЫ
3.1.1 Батыс Сібір плитасының жазықтары
Қазақстан аумағындағы Батыс Сібір жазықтары Қостанай,
Солтүстік Қазақстан, Ертіс маңы жазықтары болып табылады.
Ертіс маңы жазығы – біраз жерлері сорланған, біртекті, тегіс, жер
бедері шамалы толқынды жерлер. Табиғи себепші шарттардың
өзара тығыз байланысы және өзара шарттастығы сан-алуан
ландшафттардың жазықтың солтүстігіндегі орманды далалық
түрлерінің оңтүстігіндегі далалық және құрғақ далалық
тұрпаттарынан оқшаулануына алып келеді. Ертіс маңы
жазығында ландшафттардың 29 түрі бар, оның ішінде екеуі –
орманды далалық, жетеуі – далалық, жиырмасы – құрғақ
далалық ландшафттар.
Ландшафттың орманды далалық түрі жазықтың ең
солтүстігіне және Ертіс өзенінің сол жағалауының орталық
бөлігіне тән. Мұндағы көптеген көлдермен және көлшіктермен
бөлінген ағынсыз жазықта орман алқаптары ашық далалармен
алмасып отырады. Жазықтың басқа бөліктерімен салыстырғанда
мұнда ылғал мол, жылына 300 мм жауын-шашын жауады,
олардың көбісі жылдың жылы кезеңінде жауады. Өсімдіктердің
өніп-өсу кезіндегі оң температуралар (10
о
С жоғары) жиынтығы
2202
о
С. Т. Г. Сельянинов бойынша гидротермиялық коэффицент
–
0,9. Мұндағы ландшафттың орманды далалық тұрпаты екі
түрге бөлінеді:
-
кәдімгі сортаңдау және карбонатты қара топырақтарында,
сортаңды және шалғындық топырақтарында өсетін сан-алуан
түрлі өсімдіктері – қызыл селеулі шөптері, қайыңды және
көктеректі, қайыңды ормандары бар, құмнан, саздан, лёсс
түріндегі саздақтардан құралған көлдік-аллювиалдық тегіс
жазық;
-
құмды қою қызыл қоңыр, ашық сары топырақтарында өсетін
құмдық, түрлі шөпті және селеулі өсімдіктері, қарағайлы,
қарағайлы-қайыңды далалық ормандары бар жел шөгінділі
(эолдық),
жағалық шағылды, төбешікті жазық.
Ландшафттың далалық тұрпаты көлдік-аллювиалдық және
жер бедері шамалы толқынды жазықта, теңіз деңгейінен 110
метрден 140-150 метрге дейінгі биіктікте және орманды далалық
73
ландшафтқа
қарағанда
құрғақтау
климат
жағдайында
қалыптасады. Мұнда жауын-шашын мөлшері аздау, жылына 259-
277 мм, ал 10
о
С жоғары температуралар жиынтығы едәуір
жоғары – орташа 2285
о
С, гидротермиялық коэффицент – 0,7-0,8.
Мұндағы далалық ландшафттардың жеті түрі бар, олардың
ішінде аллювиалдық және көлдік-аллювиалдық ландшафттар
басым. Ландшафттың бұл түрінде ақ тікен, жусан, селеу өскен
алқаптар, сорлылау қара топырақтарында сәбіздік, қызыл селеу
өскен жергілікті су айрығының алқаптары, шалғынды қара
топырақтарында шалғындық, батпақтық өсімдіктері бар алқаптар,
ал сорлы жерлерде тұзға төзімді (галофитттер) өсімдіктері бар
шалғынды алқаптар басым.
Павлодарлық Ертіс маңының ландшафттық құрылымында
ландшафттың жиырма түрін біріктіретін құрғақ далалық тұрпат
негізгі болып табылады. Ландшафттың аталған тұрпаты
геологиялық құрылысына бет жағы саздақтармен, құмдақтармен
және антропоген құмдарымен жабылған неоген, палеоген саздары
қатысатын аллювиалдық, көлдік-аллювиалдық жазықтарда және
көлдік текшеленген (терассаланған) қазан шұңқырлардың
шегінде қалыптасады. Мұндағы жердің теңіз деңгейінен биіктігі
100 метрден 150 метрге дейін, жылына шамамен 250 мм жауын-
шашын, оның 153 мм жылы кезеңде жауады, 10
о
С жоғары
температуралар жиынтығы – 2486
о
С, гидротермиялық
коэффицент – 0,6.
Ландшафттың оң жағалаулық Ертіс маңылық тұрпатында
келесі түрлер басым:
-
қою қызыл қоңыр және шалғынды қызыл қоңыр
топырақтарында селеу, кей жерлерінде сұлыбас сияқты шөлдік
өсімдіктер өскен, саздақтардан, құмдақтардан құралған көлдік-
аллювиалдық аз бөлшектелген жазық;
-
қызыл қоңыр және шалғынды қызыл қоңыр шалғындық
сортаңдары бар топырақтарында сұлыбас, құм селеу сияқты
шөлдік өсімдіктер өскен, құмдардан, саздақтардан құралған
аллювиалдық жазық;
Сол жағалаулық Ертіс маңы сортаңды қою қызыл қоңыр
топырақтарында селеу, садақ боз өскен, лёсс түріндегі
саздақтардан, құмдақтардан, құмдардан құралған аллювиал-дық
тегіс жазықтар.
Достарыңызбен бөлісу: