Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет31/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
2.10 БИОХИМИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР 
 
Биосферада да, жекелеген ландшафттарда да, олардың қандай 
да бір белгілері бойынша біріктірілген топтарында да іс жүзінде 


 
65 
химиялық элементтер атомдарының үздіксіз орын ауыстырулары 
жүріп жатады. Басқаша айтқанда атомдардың көші-қон үдерістері 
жүреді.  Бірақ  олардың  қарқындылығы  биосфераның  әр 
бөлімшесінде әртүрлі. Орын ауыстырудың өзін әдетте қандай да 
бір көші-қондық ағынды бөліп алып, кеңістікте шектеуге болады. 
Биосфераның,  тіпті  жер  қыртысының  көші-қон  ағынының 
қысқа  аралығында  химиялық  элементтер  көші-қонының 
қарқындылығы  күрт  төмендеп,  соның  салдарынан  олардың 
шоғырлануы  күрт  жоғарылайтын  бөлімшелері  геохимиялық 
тосқауылдар  деп  аталады.  Бұл  терминді  1961  жылы  А.  И. 
Перельман  ұсынды  [3],  ол  қазіргі  кезде  Жер  туралы  бірқатар 
ғылымдардың  аса  маңызды  бөлімдерінің  біріне  айналған 
геохимиялық тосқауылдар туралы ілімнің  негізін қалады.  
Соңғы  жылдары  көптеген  химиялық  элементтер  биосфераға 
жер  қыртысының  жоғары  бөлігіне  тән  емес  концентрацияларда 
түсе  бастады.  Бұл  күрт  өскен  антропогендік  қызметке 
байланысты. Ондай элементтердің бөлініп, таралуы көбінесе тек 
тұтас биосфераның шегінде ғана емес, белгілі бір деңгейдегі бір 
бөлімнің шегінде де біркелкі емес.  
Биосфераның геохимиялық тосқауылдары негізгі екі тұрпатқа 
– 
табиғи және техногендік геохимиялық тосқауылдарға бөлінеді. 
Олардың  екеуі  де  көшіп-қонудың  себепші  шарттары  өзгерген 
бөлімшелерге  орналасады.  Табиғи  геохимиялық  тосқауылдар 
пайда болған жағдайда көші-қон себепші шарттарының, тиісінше 
геохимиялық  ахуалдың  өзгеруі  биосфераның  нақты  бөлімшенің 
табиғи  жағдайларына  байланысты.  Техногендік  геохимиялық 
тосқауылдар  пайда  болған  жағдайда  көшіп-қонудың  себепші 
шарттарының  өзгеруі  антропогендік  қызметтің  нәтижесінде 
болады.  
А. И. Перельман геохимиялық  тосқауылдардың екі тұрпатын 
да  үш  класқа:  физикалық-химиялық,  биогеохимиялық  және 
механикалық  кластарға  бөледі.  Кейін  В.  А.  Алексеенко  [23,  24] 
тек  қана  техногендік  (әлеуметтік)  тосқауылдар  класын  бөліп 
қарастырды.  Физикалық-химиялық  тосқауылдардағы  заттардың 
шоғырлану дәрежесі өте жоғары. 
Механикалық  тосқауылдар  заттардың  механикалық  орын 
ауыстыру  қарқындылығы  күрт  төмендейтін,  нәтижесінде  олар 
жинақталатын  бөлімшелер  болып  табылады.  Биосферадағы 
механикалық  тосқауылдар  негізінен  элементтердің  минералдық 


 
66 
немесе  коллоидтық  формадағы  көшіп-қонумен  байланысты. 
Элементтердің  көшіп-қону  көбінесе  ауада  және  суда,  сондай-ақ 
әртүрлі орталардың шекарасында жүреді. 
Су булары ауа ағындарымен орын ауыстырған кезде олардың 
жолындағы  механикалық  тосқауылдар  тау  жүйелері  болып 
табылады.  Оларда  бұлттардың  көп  шоғырлануы  және  жауын-
шашынның мол түсуі өмір сүру қауіпсіздігінің бұзылуына, тіпті 
экологиялық  апаттарға  алып  келуі  мүмкін.  Мұны  жаңа 
аумақтарды  игеру,  елді  мекендерді  және  кәсіпорындарды  салу 
кезінде ескеру қажет.  
Биогеохимиялық  тосқауылдар  өзінің  мәні  бойынша  өсімдік 
және  жануарлар  организмдерінің  химиялық  элементтерді  өз 
организмдеріне  жинақтауы  болып  табылады.  Азық-түлікке 
пайдаланылатын 
ауылшаруашылық 
дақылдарының 
организмдеріне 
кейбір 
элементтердің 
жоғары 
(улы) 
тұздылықтарын  жинақтауларына  аса  назар  аудару  қажет.  Ондай 
жинақталу әдетте топыраққа минералдық тыңайтқыштарды және 
өсімдіктерді  химиялық  қорғаушы  заттарды  шектен  тыс  артық 
салғанда  болады.  Халық  құрамындағы  нитраттар  қалыптан  көп 
артық  қарбыздардан,  жаппай  уланғаны,  картопта,  көкөністерде 
нитраттардың  концентрациясы  өте  жоғары  болған  жағдайлар 
белгілі.  Кейбір  жағдайларда  химиялық  элементтердің  улылығы 
бірден байқалмайды, олар организмдерде жинақталып, өз зиянын 
денсаулыққа бірнеше жылдан кейін келтіруі мүмкін.  
Биогеохимиялық  тосқауылдар  атмосферадан  улы  заттардың 
келуін  тоқтатып,  өмір  сүрудің  қауіпсіздігін  жоғарылатуы  да 
мүмкін.  Әдетте,  ондай  тосқауылдардың  рөлін  өнеркәсіптік 
ландшафттардың  маңындағы  көк  желектер  (сәндік  ағаштар  мен 
бұталар)  орындайды.  Ол  кезде  белгілі  бір  химиялық 
элементтердің  жоғары  тұздылықтарын  бойына  сіңіретін  арнайы 
өсімдіктерді іріктеп өсіру кәсіпорындардың маңындағы өмір сүру 
қауіпсіздігін күрт жоғарылатуы мүмкін. 
Әлеуметтік  геохимиялық  тосқауылдар  тек  техногендік 
тосқауылдарға  жатады  және  онда  олардың  әлеуметтік  көші-
қонының тоқтауының нәтижесінде зиянды заттар шоғырланатын 
жер  телімдері  болып  табылады.  Ол  терминмен  өнеркәсіптік  те, 
тұрмыстық  та  қалдықтар  мен  қоқыстарды  жинау  және  көму 
орындарын атаған дұрыс. Олардың өмір сүру қауіпсіздігіне әсер 
ететін кейбір ерекшеліктерін қысқаша қарастырамыз. 


 
67 
Әлеуметтік 
тосқауылдарда 
жоғары 
тұздылықтарда 
жинақталатын  химиялық  элементтер  (олардың  қоспалары)  бірде 
бір  табиғи  қауымдастықта  ондай  дәрежеде  болмайды.  Бұл  адам 
араласқанға дейін биосферада ондай жоғары тұздылықтарда бір-
бірімен  кездеспеген  элементтердің  ол  жерлерде  бір-бірімен 
кездесу мүмкіндігін  білдіреді. Өмір сүру қауіпсіздігіне олардың 
табиғатта  кездеспейтін  бірлескен  әсерінің  салдары  әлі 
зерттелмеген.  Элементтердің  тосқауылдағы  таралуы  өте  әркелкі 
болуымен  ерекшеленеді,  олардың  құрамы  бірнеше  метрде 
мыңдаған  есеге  өзгеруі  мүмкін.  Бұл  да  биосфераға  тән  емес, 
сондықтан  тосқауылдағы  элементтердің  мөлшерін  бағалауды 
қиындатады.  Ал  ондай  бағалаудың  болмауы  өмір  сүру 
қауіпсіздігіне  жекелеген  тосқауылдардың  әсерін  болжауды 
қиындатады. Үлкен аумақтарды алып жатқан тосқауылдарда (ірі 
қоқыс  қоймаларында)  геохимиялық  ахуалы  әртүрлі  учаскелер 
біркелкі  орналаспайды.  Шағын  аралықтардың  өзінде  сілтілік-
қышқылдық  орта  едәуір  өзгеруі,  ал  оттегілік  ахуал  оттегісіз 
(күкіртті  сутекті)  жағдаймен  алмасуы  мүмкін.  Нәтижесінде 
элементтердің  көшіп-қону  үдерісін  тосқауылдың  өзінде  де,  оны 
қоршап  жатқан  ландшафтта  да  болжауға  болмайтын  жағдай 
қалыптасады,  яғни  әлеуметтік  геохимиялық  тосқауылдармен 
іргелес аудандардағы өмір сүру қауіпсіздігі болжанбайды.  
Әлеуметтік  тосқауылдардың  тағы  бір  экологиялық-
геохимиялық  ерекшелігі  табиғатта  кездеспейтін  сан-алуан 
техногендік  қоспалар  түріндегі  химиялық  элементтердің  шектен 
тыс жоғары тұздылықта болуы болып табылады.  
Химиялық  элементтердің  аталған  тосқауылдардан  сыртқа 
шығуы  негізінен  ерітінді  түрінде,  ал  кейбір  қоспаларда  газ 
түрінде  жүреді.  Көшіп-қонуының  жылдамдығы  климатқа, 
ландшафттық-геохимиялық  (негізінен  гидрологиялық  және 
гидрогеологиялық) 
және 
температуралық 
жағдайларға 
байланысты  болады.  Температуралық  жағдайлар  әртүрлі 
химиялық реакцияларға және қоқыстардың жануына байланысты. 
Адам  организмі  үшін  оған  улы  заттардың  газ  қоспалары  және 
ерітінділер түрінде түсуі аса қауіпті екенін атап өту керек. 
Әлеуметтік  тосқауылдар  оларда  шоғырланатын  заттар  үшін 
табиғи  жағдайларда  тосқауылдар  пайда  болмайтын  жерлерде 
жасанды 
түрде 
жасалған. 
Әлеуметтік 
тосқауылдарға 
жинақталатын  заттардың  құрамы  және  тосқауылдардың 


 
68 
қалыптасу  үдерісі  адамдардың  белгілі  бір  қауымдастығының, 
жалпы адамзаттың нақты  даму дәрежесін көрсетеді. 
Әлеуметтік  тосқауылдар  алып  жатқан  аумақтар  дүниежүзі 
бойынша  үздіксіз  өсіп  келеді  және  олар  адамзаттың  өмір  сүру 
қауіпсіздігіне нақты қауіп туғыза бастады. Осы айтылғандардың 
барлығы  адамдардың  өмір  сүруі  қарқынды  дамып,  едәуір 
мөлшерде  жанды  заттар  қалыптастырған  биосфера  жағдайында 
өтуде  деп  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Демек, 
адамзаттың  өмір  сүру  қауіпсіздігі  көбінесе  биосферамен 
байланысты.  Қоршаған  ортаны  қорғау  тірі  организмдердің 
жойылуына,  тіпті  олардың  биологиялық  сан-алуандығының 
азаюына  жол  бермеуі  тиіс,  себебі  ол  адамдардың  өмір  сүру 
қауіпсіздігін айтарлықтай кемітеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет