Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет4/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
181 
 
 
 
 
 


 

АЛҒЫ СӨЗ 
 
Табиғатты  пайдалану  және  табиғатты  жайластыру 
проблемалары  ХХ  ғасырдың  соңында  ең  бір  көкейкесті  мәселе-
лердің  біріне  айналды.  Экологиялық  дағдарыстан  шығу  және 
табиғатты  пайдалану  саласында  пайда  болған  экологиялық 
проблемаларды  табысты  шешу  үшін  жаңа  идеологияға, 
экономика  мен  өндірісті  экологияландыруға  ауысу  қажет.  Бұл 
адамның қызмет нысаны болып табылатын ландшафттар туралы 
терең  білімдерді  меңгеруді  талап  етеді.  Ал  ол  үшін  білімдердің 
бірыңғай теориялық негізінде құрылған және ауыл шаруашылық 
ғылымының  дәстүрлі  шеңберінен  тыс  жаңа  жүйесі  қажет. 
Ландшафт және табиғи-техногендік кешен туралы білімдер ауыл 
шаруашылығын  суландыру  және  су  шаруашылығы  саласының 
болашақ  мамандарына  өз  жұмыстарын  экологиялық  қатаң 
талаптар жағдайында ұйымдастыруға көмектесуі тиіс. 
Ландшафттану  бойынша  оқулық  шығару  жоғары  оқу 
орындарының 
білімгерлерін 
ауыл 
шаруашылық 
және 
географиялық  мамандықтарға  дайындау  кезіндегі  сұранысын 
қанағаттандыру қажеттігінен туындады.  
Ұсынылып отырған оқулықта ландшафттардың және табиғи-
техногендік  кешендердің,  теориялық  негіздеуші  пәннің 
мәселелері,  ғылымның  тірі  организмдер  мен  қоршаған  ортаның 
өзара  қарым-қатынастарының  заңдылықтары  туралы  салалары 
кеңінен  түсіндіріледі.  Мұнда  қазіргі  заманғы  ландшафттанудың 
және  табиғи-техногендік  кешендер  туралы  ұғымның  негізгі 
ережелері  мазмұндалады,  табиғатты  пайдаланудың  қазіргі 
заманғы проблемалары көрсетіледі. 
Оқулықты  дайындау  кезінде  Н.  Ф.  Реймерс  [1],  И.  П.  Гера- 
симов [2], А. И. Перельман [3], Д. Л. Арманд [4], А. Г. Исаченко 
[5],  Ф.  Н.  Мильков  [6],  Н.  А.  Солнцев  [7],  А.  И.  Голованов  [8],   
Г.  А.  Сенчуков  [9]  сияқты  шетелдік  және  А.В.Чигаркина  [10],  
Г.В.Гельдыева [11],  Г. М. Жанәлиева [12] сияқты қазақстандық 
авторлардың  монографияларының,  оқулықтары  мен  оқу 
құралдарының  материалдары  кеңінен  пайдаланылды.  Авторлар 
олардың барлығына үлкен алғыстарын білдіреді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет