Экологиялық себепкер шарттарды жіктеудің әртүрлі тәсілдемелері [1] ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПКЕР ШАРТТАР
БИОТИКАЛЫҚ
Өсімдіктердің биоқауымдастықтың басқа мүшелеріне әсері
Жануарлардың биоқауымдастықтың басқа мүшелеріне әсері
Адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын антропогендік себепкер шарттар
КЕЗЕҢДІЛІГІ БОЙЫНША
КЕЗЕГІ БОЙЫНША
Кезеңді
Бірінші
Кезеңді емес
Екінші
ШЫҒУ ТЕГІ
БОЙЫНША
ПАЙДА БОЛҒАН ОРТАСЫ БОЙЫНША
Ғарыштық
Атмосфералық
Бейбиотикалық (бейбиогендік)
Су (ылғалдылық)
Биогендік
Геоморфологиялық
Биотикалық
Эдафикалық
Табиғи-антропогендік
Физиологиялық
Антропогендік (техногендік,
қоршаған ортаны ластау)
Генетикалық
Популяциялық
Биоқауымдастықтық
Экожүйелік
Биосфералық
Ортаның
бейбиотикалық
себепкер
шарттард
–
бейорганикалық табиғаттың оны тікелей немесе жанама түрде
шектейтін құрамдас бөліктері мен құбылыстары. Мысалы, өмір
сүруге болатын ең жоғары және ең төменгі температуралар –
тұрақтылық шектері. Оңтайлы себепкер шарттар аймағынан
тұрақтылық шегіне жақындаған сайын өсімдіктер барған сайын
күшейе беретін күйзелісті сезінеді, яғни мұнда тұрақтылық
15
диапазоны ішіндегі күйзелістік белдемдер туралы әңгіме болып
тұр (4-сурет) [13].
Сонымен, қоршаған ортаның экологиялық факторларын
нормалау үш нормативтік шаманы белгілеу болып табылады. Ол
шамалар: Ю. Либихтің минимум заңының негізінде – ең төмен
қажетті деңгей; оңтайлылық заңының негізінде – оңтайлы деңгей;
В.Шелфордтың толеранттық заңының негізінде – шекті мүмкін
деңгей. Оңтайлы себепкер шарттардың аймағынан төмен немесе
жоғары қашықтаған сайын организмдер сезінетін күйзеліс тек
күшейіп қана қоймайды, ол тұрақтылық шегіне жеткен кезде
организмдер өледі.
«
Организмдер – орта» жүйесіндегі өзара байланыс пен өзара
тәуелділікті, өзара әрекеттесу мен өзара шарттастықты, табиғи
тепе-теңдіктіктің бұзылуына беталыстарды ұзақ уақыт зерттеу
және мағынасын түсіну Жерді мекендейтін барлық тірі
организмдер өздігінен өмір сүрмейтіндіктерін, табиғи жүйенің
қасиеттеріне толық тәуелді екендіктерін және оның әсерін үнемі
сезінетіндіктерін түсінуге алып келді.
4-
сурет. Организмдерге әсер етуші оңтайлы факторлар (Б.Небел бойынша, 1992)
Анықталған тәуелділіктер экологиядағы аса маңызды
заңдылықтар санатына жатады. Экология ғылымының тарихтағы
алғашқы заңы тірі жүйелердің олардың дамуын шектейтін
16
себепкер шарттарға тәуелділігін анықтайтын заң болғанын айта
кету керек.