7
және экологияның білімдерін біріктіру болып табылады.
Табиғатты жайластыру нысандарына мұндай тәсілдемені
пайдалану табиғаттың құрамдас бөліктерінің бірлігін, табиғи
үдерістердің ортақ заңдылықтарын анықтауы, антропогендік
нысандардың табиғи денелерде тиімді және экологиялық
қауіпсіз орналасуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жағынан қарағанда
«Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер» пәнінің
негізгі теориялық және тәжірибелік міндеті табиғи үдерістердің
заңдарын тауып, ол үдерістерді адамның антропогендік қызметі
жағдайында басқаруға үйрету болып табылады.
«Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер» пәнінің
практикалық маңыздылығы ең алдымен оның табиғи жүйелердің
ресурстарын тиімді пайдалануды ғылыми негіздей алуы және
табиғи-техногендік кешендерді табиғи жүйелердегі экологиялық
тепе-теңдікті сақтай отырып құру мүмкіндігі.
Қазіргі заманғы «Ландшафттар және табиғи-техногендік
кешендер» пәнінің теориялық пән ретіндегі басты міндеті оның
әртүрлі тарауларын және орасан зор нақты деректерді табиғат
пен адамның табиғатты пайдалану жүйесіндегі нақты қарым-
қатынастарының барлық жақтарын көрсететін бір жүйеге
біріктіру болып табылады. Бұл адамның антропогендік қызметін
дұрыс ұйымдастыру үшін жаңа әдіснама дайындау кезінде
табиғатты пайдалану және табиғатты жайластыру жүйесіндегі
қазіргі заманғы проблемаларды түсіну үшін қажет.
Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер» пәнінің
табиғатты пайдалану саласындағы негізгі басымдылықтары
жаhандық, өңірлік және ішкі сипаттағы экологиялық мәселелерді,
экологиялық дағдарыстың себептерін зерттеуге және оны шешу
шараларын дайындауға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: