Жүйенің тұжырымдамасы аса маңызды теориялық
қорытындылардың қатарына жатады:
-
жүйе –
тура және кері байланыстармен қандай да бір
бірлестікке біріккен өзара байланысты бөліктердің кез келген
заттық-энергетикалық немесе тұжырымдамалық жиынтығы;
-
жүйе –
бір-бірімен қоршаған ортамен салыстырғанда
берігірек белгілі бір қатынастар мен байланыстарда болатын
және сондықтан қандай да бір тұтастықты, бірлікті құрайтын
көптеген біртекті немесе әртекті бөліктер;
-
жүйе –
өзінде бар, сырттан келетін және жиынтықтың өзі
өндіретін заттардың, энергияның, ақпараттың өзара әрекеттесуі,
бөлінуі және қайта бөлінуінің есебінен бар болатын және
салыстырмалы түрде тұрақты бір тұтастық ретінде басқарылатын
және ішкі байланыстардың сыртқы байланыстардан басым
болуын қамтамасыз ететін белгілі бір тәртіпте өздігінен дамитын
және өзін-өзі реттейтін, реттелген материалдық-энергетикалық
жиынтық.