Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет12/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

 
2.2 ТАБИҒИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ 
 
Табиғи жүйе
 – 
иерархиялық ұйымның жоғары деңгейлерінде 
қызметтік 
құрамдас 
бөліктерге 
топтасатын 
табиғи 
құрылымдардан құралған және келесі қасиеттері бар жүйе: 

ашықтық
  – 
жүйенің  қоршаған  ортамен  заттар  мен 
энергияның  тұрақты  алмасуы    бар  болғанда  ғана  өмір  сүру 
мүмкіндігі;  

тұтастық
  – 
жүйенің  жекелеген  құрамдас  бөліктерінің 
өзара байланысы мен өзара шарттастығы; 

жұмыс  істеуі
  – 
жүйенің  ішіндегі  және  жақын  жүйелердің 
арасындағы зат және энергия алмасу үдерістері; 


 
22 

серпінділік
  – 
жүйенің  кезеңді  өзгеріп  отыратын  сыртқы 
факторлардың әсерінен құрылымын өзгертпей, қайтымды өзгеру, 
яғни  қысқа  мерзімді  әсерлер  кезінде  өз  қасиеттерін  қалпына 
келтіру  қабілеті; 

биомасса  өндіру
  – 
жүйенің  бастапқы  өндірушілері  – 
өсімдіктердің  күн  энергиясын  пайдаланып,  атмосферадан  көмір 
қышқыл  газын,  топырақтан  ерітінді  түрінде  азотты  және 
микроэлементтерді алуы болып табылатын аса маңызды қасиеті; 

топырақ  түзу  қабілеті
  – 
жер  ландшафттарының  тірі 
организмдердің  және  олардың  қалдықтарының  литосфераның 
судың,  күннің,  желдің  әсерінен  майдаланған  сыртқы 
қабаттарымен  өзара  әрекеттесуінің  нәтижесінде  ерекше  табиғи 
дене – топырақты түзу  болып табылатын ерекше қасиеті; 

құрылымдылық
 
– 
жүйелер 
кеңістіктік-уақыттық 
тәртіптелген  (ұйымдасқан),  оның  бөліктері  белгілі  тәртіппен 
орналасқан; 

орнықтылық
  – 
жүйенің  сыртқы  жағдайлар  өзгерген,  оның 
ішінде антропогендік әсері болған кезде де өз құрылымын сақтау 
қабілеті; 

дамуға  қабілеттілігі
  – 
жүйелер  эволюциялық  жолмен 
өзгереді,  яғни  құрылымның  түпкілікті  қайта  құрылуына,  өзгеру 
жылдамдығы  жүйенің  дәрежесіне  байланысты  болатын  жаңа 
геожүйелердің  пайда  болуына  алып  келетін  бағытталған 
қайтымсыз өзгерістер жүреді; 

жүйенің  құрамдас  бөліктері  қасиеттерінің  кеңістікте 
өзгергіштігі
 – 
ол реттелген және кездейсоқ болуы, яғни қандай да 
бір  қасиет  бір  нүктеден  екінші  нүктеге  дейін  қандай  да  бір 
заңдылыққа бағынбай өзгеруі мүмкін; 

табиғи үдерістердің сызықтық еместігі
  – 
өзгеру және зат 
пен    энергия  алмасу  әрқашан  төмендей  беретін  жылдамдықпен 
жүреді, ол жүйенің орнықтылығын жоғарылатады; 

эволюция
  – 
жүйенің  құрылымы  мен  жекелеген  құрамдас 
бөліктерінің өзгеруіне байланысты  қайтымсыз өзгерістер; 

жүйенің  эмердженттігі
 
(ағылшынша  –  кенеттен  пайда 
болатын)  –  жүйенің  қасиеттерінің  оны  құрайтын  элементтер 
қасиеттерімен бірдей болмау дәрежесі;   

элементтердің қажетті сан-алуандығының қағидасы
 – 
кез 
келген  жүйе  бірдей  элементтерден  құрала  алмайды, 


 
23 
элементтердің  сан-алуандығы  жүйенің  жұмыс  істеуінің  қажетті 
шарты болып табылады; 

тепе-теңсіздік қағидасы
 – 
тірі организмдердің қатысуымен 
жұмыс  істейтін  жүйе  ашық  болып  табылады,  сондықтан  оған 
энергия  мен  заттардың  келуі  және  кетуі  тән,  оны  тепе-теңділік 
жағдайында жүзеге асыру мүмкін емес. 
Табиғатты  пайдалану  мен  табиғатты  жайластырудың 
мақсаттары  мен  міндеттерін  дұрыс  түсіну  үшін  құндылықтар 
жүйесін дәл анықтау және әсер ету нысанын белгілеу керек.  
Құндылықтар  жүйесі
  – 
адамдардың  табиғи  заттар  мен 
құбылыстардың олардың өміріндегі маңызы туралы қалыптасқан 
ұғымдарының,  яғни  бағалау  және  шешім  қабылдау  кезінде 
сынақтық  өлшем  ретінде  болатын  әлеуметтік  бағдарларының 
жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет