Судың айналымы.
Тасымалданатын салмақ және энергия
шығындары бойынша Жердегі ең едәуір айналым – ғаламшарлық
гидрологиялық айналым – судың табиғаттағы айналымы (8-
сурет).
Су айналымына әрбір секунд сайын 16,5 млн. м
3
су тартылып,
ол үшін 40 млрд.МВт күн энергиясы жұмасалды (Т. А. Акимова,
В.В.Хаскин 1994). Бұл айналым тек су массаларын тасымалдау
ғана емес, фазалық өзгерістер, ерітінділер мен жүзгіндердің
түзілуі, тұнба түсу, кристалдану, фотосинтез үдерістері және сан-
алуан түрлі химиялық реакциялар. Тіршілік суда пайда болған
және сол ортада жалғасуда. Су – өмір үшін қажетті негізгі
заттардың бірі. Мөлшері жағынан алғанда ол жанды материяның
ең көп тараған құрамдас бөлігі. Адам денесінің 63%,
саңыруқұлақтар денесінің 80%, өсімдіктердің 80-90%, кейбір
медузалардың 98%-ы судан тұрады.
Биологиялық айналымға қатысатын және сутегі мен оттегін
алу көзі болып табылатын су оның жалпы көлемінің шамалы ғана
бөлігін құрайды.
33
8-
сурет. Су айналымының жалпы сызбасы (Ф. Рамад бойынша, 1981) (ескерту:
қабаттардың қалыңдығы мың км
3
берілген)
Сұйықтық, қатты және бу түріндегі су биосфераның негізгі
барлық үш бөлігінде: атмосферада, гидросферада және
литосферада орасан зор мөлшерлерде бар. Жердегі барлық су
«гидросфера» деген ортақ атаумен біріктірілген. Гидросфераның
құрамдас бөліктері бір-бірімен тұрақты өзара алмасу және өзара
әрекеттесу арқылы байланыста болады. Су бір агрегаттық
жағдайдан екінші агрегаттық жағдайға үздіксіз өте отырып,
шағын және үлкен айналымдар жасайды. Судың мұхит бетінен
булануы, атмосферадағы су буының конденсацияланып, мұхит
бетіне жауын-шашын түрінде түсуі
шағын айналымды
құрайды.
Су буы ауа ағынымен құрлыққа тасымалданған кезде айналым
күрделілене түседі. Ол кезде жауын-шашынның бір бөлігі
буланып, қайтадан атмосфераға өтеді, екінші бөлігі өзен-көлдерге
қосылып, нәтижесінде
үлкен айналым
жасап, әлемдік мұхитқа
қайтып келеді.
Жауын-шашынның 7/9 бөлігі мұхиттарға, 2/9 бөлігі
құрлықтарға жауады. Құрлықтың ағын сусыз, құрғақ бөлігіне
жауын-шашын оның мұхиттарға жақын бөлігіне қарағанда 3,5 есе
аз жауады. Құрлыққа жауған жауын-шашын топырақ қабаттары
арқылы сүзілу үдерісінде, минералдар мен органикалық
34
заттармен қанығып, жер асты суларын құрайды. Олар жер
бетіндегі ағыстармен бірге мұхиттарға қосылады. Судың әлемдік
мұхитқа келуі (жауын-шашын, өзен сулары) мен оның бетінен
булануы жылына 1260* мм болады.
Атмосферадағы су буы қабатының қалыңдығы өте аз (0,03*м)
боғанына
қарамастан
атмосферадағы
ылғал
судың
циркуляциясында және оның биогеохимиялық айнылымында
негізгі рөл атқарады. Жалпы бүкіл Жер шары үшін судың бір ғана
кіріс көзі – атмосфералық жауын-шашын және бір ғана шығыс
көзі – жылына 1030* мм болатын булану бар.
Өсімдіктердің өмірінде су фотосинтез (биологиялық
айналымның аса маңызды буыны) және транспирация (еріген
минералдық және органикалық заттарды тасымалдау) үдерістерін
жүзеге асыруда орасан зор рөл атқарады. 1 га шыршалы орман
жылына 4000 м
3
жуық суды тасымалдайтыны есептеліп
шығарылған, ол 378 мм жауын-шашынға бара-бар. Сомалық
булану немесе ағаштардан, өсімдіктерден, топырақ бетінен
буланатын судың жалпы массасы құрлықтардағы су
айналымында маңызды рөл атқарады. Жер асты сулары
транспирация үдерісінде өсімдіктердің ұлпалары (тканьдері)
арқылы өтіп, өсімдіктердің өмірі үшін қажетті минералдық
тұздарды алып келеді.
Жер шарындағы су айналымы бойынша деректер
гидросфераның
әртүрлі
бөліктеріндегі
су
алмасудың
белсенділігін есептеп шығаруға мүмкіндік береді (3-кесте).
Гидросфераның су айналымының ең баяу жүретін бөлігі
полярлық мұздықтар болып табылады, мұндағы айналым 8 мың
жыл жүреді. Бұл мұздықтардың жай қозғалатынын және ондағы
еру үдерісі баяу жүретінін көрсетеді. Жер асты сулары 5 мың
жылда, мұхитардың сулары 3 мың жылда, атмосферадағы су 10
тәулікте жаңарады. Шамамен әрбір 11 тәулікте жаңаратын өзен
суларының да алмасу белсенділігі жоғары. Тұщы сулардың
негізгі көздерінің тым жылдам жаңаруы және судың айналым
үдерісі кезінде тұщылануы Жер шарындағы су айналымы
серпінінің жаhандық үдерісінің көрінісі болып табылады.
Табиғатта жүретін судың өздігінен тазару айналымы – Жердегі
тіршілікті қамтамасыз етуші мәңгілік қозғалыс.
35
3-
кесте
Достарыңызбен бөлісу: |