Күн энергиясы Жерде заттардың екі түрлі айналымын: үлкен
және кіші айналымдарды тудырады. Үлкен немесе геологиялық
айналым судың табиғаттағы айналымынан және атмосфераның
циркуляциясынан жақсы көрінеді. Шағын немесе биологиялық
(
биотикалық) айналым үлкен айналымның негізінде дамиды және
үздіксіз, айналымдық, бірақ кеңістік пен уақытта біркелкі емес,
заттардың, энергияның және ақпараттың ұйымдасу деңгейі
әртүрлі экологиялық жүйелердің шегінде едәуір жоғалуымен
бірге жүреді (6-сурет).
31
6-
сурет. Биологиялық (биотикалық) айналымның
қағидалық сызбасы (Н. Ф. Реймерс бойынша, 1990)
Екі айналым да өзара тығыз байланысты және бірыңғай
үдеріс болып табылады. Атмосферадағы барлық оттегі
организмдер арқылы (демалған кезде сіңіріліп, фотосинтез
кезінде бөлініп шығады) 2000 жылда атмосферадағы барлық
көмірқышқыл газы 300 жылда айналым жасайтыны, ал Жердегі
барлық су фотосинтез бен демалу арқылы 2 000 000 жылда толық
ыдырап, қалпына келетіні есептеліп шығарылды (7-сурет).
Экожүйенің бейбиотикалық себепші шарттары мен тірі
организмдердің өзара әрекеттесуі біресе органикалық, біресе
минералдық құрамалар түріндегі заттардың битоп пен
биоқауымдастық аралығында үздіксіз айналымымен бірге жүреді.
Тірі организмдер мен бейорганикалық орта арасындағы,
әртүрлі кезеңдері экожүйенің ішінде жүретін химиялық
заттармен алмасу үдерісі
биогеохимиялық айналым
немесе
биогеохимиялық айналым
деп аталады. Осындай айналымдардың
болуы жүйенің өзін-өзі реттеуіне (гомеостаз) мүмкіндік береді,
бұл экожүйеге орнықтылық, әртүрлі элементтердің пайыздық
үлестерінің таңқаларлық тұрақтылығын береді. Экожүйелердің
жұмыс істеу қағидасы: «Қорларды алу және қалдықтарды сыртқа
шығару барлық элементтер айналымының шеңберінде жүреді».
32
7-
сурет. Судың, оттегінің және көмірқышқыл газдың табиғаттағы айналымы
(П. Клауд пен А. Джибор бойынша, 1972)
Негізгі
биохимиялық
айналымдарды
толығырақ
қарастырамыз.