Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет15/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

2.4.2 Экожүйенің құрылымы 
 
Экожүйенің  құрылымы  оның  құрамына  кіретін  бөліктер, 
олардың  өзара  және  табиғи  ортаның  элементтерімен  байланысы 
болып табылады.  
Биологиялық  көзқарас  бойынша  экожүйенің  құрамында 
келесі құрамдас бөліктер болады: 

айналымға түсетін бейорганикалық заттар (көміртегі, азот, 
көмірқышқыл газы, су және басқалар); 

биотикалық 
және 
бейбиотикалық 
бөліктерді 
байланыстыратын органикалық құрамалар (белоктар, көмірсулар 
және басқалар);  

ауа, су және төсеміктік (субстраттық) орталар, климаттық 
тәртіптеме және ортаның басқа да физикалық факторлары; 

продуценттер  –  қарапайым  бейорганикалық  заттардан 
органикалық  заттар  өндіре  алатын  автотрофты  организмдер, 
негізінен өсімдіктер; 

консументтер  –  басқа  организмдермен  немесе  органи- 
калық  заттармен  қоректенетін  (фаготрофты)  гетеротрофты 
организмдер, негізінен жануарлар; 

редуценттер 
– 
сапротрофтар, 
деструкторлар, 
гетеротрофты  организмдер.  Олар  негізінен  энергияны 
организмдердің  өлі  ұлпаларын  ыдырату  немесе  өздігінен 
бөлінетін  немесе  сапрофиттер  өсімдіктер  мен  басқа 
организмдерден  алатын  еріген  органикалық  заттарды  бойына 
сіңіру арқылы алатын бактериялар мен саңырауқұлақтар. 
Трофикалық құрылым көзқарасы бойынша экожүйені тігінен 
екі қабатқа бөлуге болады: 

үстіңгі  қабат  – автотрофтық  қабат  немесе  «жасыл  белдеу». 
Оған  өсімдіктер  немесе  олардың  күн  энергиясын  қабылдау 
жүретін,    хлорофиллды  бөліктері  жатады.  Мұнда  қарапайым 
бейорганикалық  заттар  пайдаланылып,  күрделі  органикалық 
құрамаларды жасау және жинақтау жүреді; 


 
28 

төменгі қабат – гетеротрофтық қабат немес «қоңыр белдеу». 
Оған  күрделі  құрамаларды  пайдалану,  өзгерту  және  ыдырату 
жүретін топырақ, өлген тірі организмдердің  қалдықтары жатады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет