Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет16/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar

2.4.3 Экожүйелерді жіктеу 
 
Географиялық  ғылым  ХХІ  ғасырдың  қарсаңында  Жерді 
әртүрлі өлшемдегі генетикалық біртекті нысандарға, яғни табиғи 
жүйелер  иерархиясына:  табиғи  жүйелерге,  географиялық 
белдемдерге,  геожүйелерге,  экожүйелерге  және  ландшафттарға 
бөлудің айтарлықтай реттелген теориясын құрастырды. 
Табиғи  жүйелердің  иерархиясы
  – 
әлемнің  қызметтік 
жүйелерін өзара бір-біріне бағындыру. Мұнда шағын жүйешелер 
үлкен жүйелерді құрайды, ал ол жүйелер олардан ірі жүйелердің  
жүйешелері  болып табылады. 
Жердегі экожүйелердің өлшемдері сан-алуан. Олардың ішінде 
микрожүйелер  (мысалы,  ағаштың  діңгегі),  мезоэко-жүйелер 
(орман, тоған және т.б.), макроэкожүйелер (құрлық, мұхит және 
т.б.) және жаhандық экожүйе – биосфера бар. 
Экожүйелердің  иерархиясы
  – 
келесі  қатардағы  қызметтік 
өзара бағыныс (ұсақ және қарапайым жүйелердің ірі және күрделі 
жүйелердің құрамына кіруі): 

биосфера
  – 
Жер  атмосферасының  тірі  организмдер 
мекендейтін  төменгі  бөлігі,  гидросфера  тұтасымен  және 
литосферасының жоғары бөлігі, яғни Жердің тірі организмдердің 
жиынтық қызметі ғаламшарлық ауқымдағы геохимиялық фактор 
ретінде көрінетін қабығы; 

биоорбис
 
(биогеографиялық  облыс)  –  биосфераның 
продуценттердің, 
консументтердің 
және 
редуценттердің 
бірлескен  эволюциялық  дамуының  геологиялық  ұзақтығы  және 
орталардағы  жағдайларының  әртүрлі  болуының  нәтижесінде 
құрлықтың, гидросфераның және литосфераның тірі организмдер 
мекендейтін бөлігінің шектерінде пайда болған ірі бөлімшесі;
 

биобелдем
 
(табиғи белдеу) – бірнеше биомдарды біріктіретін 
және биқауымдастықтардың биоорбистің қалыптасқан кешенінен 
қалыптасатын физикалық-географиялық белдеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет