129
және биосфера болатын үдерістерге байланысты. Бұл
энергетикалық себептік шарттары физикалық географиялық
жылу және ылғал, минералдық және органикалық зат алмасу
арқылы кешеннің дамуына әсерін тигізеді (25-сурет).
Сонымен табиғи-аймақтық кешендер (ТАК) туралы
мынандай түсініктемелер беруге болады:
-
жер бетінен географиялық қабаттар аралығында, сатылы
баспалдақпен
орналасқан
географиялық
құрылымдарды
құрайтын, табиғи бөлшектердің жиынтық құрамы;
-
ландшафттық ортадан биологиялық денелерге дейінгі, тірі
және өлі денелерді немесе тек қана өлі бөлшектерден тұратын
барлық табиғи нысандардың жалпы дәрежесіз түсініктемесі;
-
аймақтың әртүрлі болып келетін, бірақ табиғаттың негізгі
түріне ұқсас, өте төменгі сатылық деңгейге жақын жер
құрылымындағы кешендерді біріктіретін жалпылама түсініктеме.
Табиғи аймақтық кешендердің бір ғана сыңарларының
бұзылуы немесе өзгеріске түсуі алғашқы кезеңде-ақ көрінбейтін
байланыс арқылы оның барлық сыңарларына әсерін тигізеді.
Оның нәтижесінде кешеннің түрі өзгеруі мүмкін немесе өзінің
орнын жоғалтып, жаңа табиғи аймақтық кешеннің қалыптасуына
орын береді.
Жер бетінің қалыптасу кезеңінде бір аймақтың өзінде
жаңа табиғи аймақтық кешендер пайда болып және бірнеше рет
өзгеріске түсіп отырған.
Егер тарихқа жүгінсек, құрлық пен мұхит бірнеше рет
ауысып, геологиялық құрылымы және климаттық жағдайы
өзгеріске түсіп отырған және оның әсерінен басқа өсімдіктер
және айуанаттар жүйесі пайда болған.
Табиғи аймақтық кешендердің сыңарларының өзгеріске
түсуіне табиғаттың құбылыстармен қатар адамзат қызметінің
тигізетін әсері зор, себебі бұл қызметтің нәтижесі бойынша қысқа
уақыттың ішінде күрделі өзгерістерді жүргізуге және енгізуге
болады. Адамзат өзінің қажеттілігін өтеу үшін табиғи жүйеге
өзгеріс енгізуге тырысады, бірақ та табиғи үдерістерді өзгертуге
арналып, ойланбастан жүргізілген іс-әрекет ыңғайсыз жағдайға
алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: