-
1
.
0
0
<
<
R
-
жүйе квазидетерминдік деп есептейді.
123
Табиғи жүйе бөлшектерінің қызметі және оны жүйелік
-
құрамдық тұрғыдан талдау, табиғатты пайдалану және қайта
үйлестіру кезіндегі оның орнын табиғи
-
техникалық кешеннің
құрамдық бөлігі ретінде анықтау, геожүйенің экологиялық
орнықтылығын сақтау мақсатында, табиғи қорды теңгермелік
жағдайда
пайдалану
мәселесіне
байланысты,
халық
шаруашылығының маңызды көкейтесті мәселелерін шешуге
мүмкіншілік береді.
5.2 ТАБИҒИ КЕШЕНДЕР
Қазіргі кездегі физикалық географияның негізгі зерттеу
нысаны кешенді заттық жүйе есебінде қаралатын жер бетінің
географиялық қабығы болып табылады және ол тік және көлбеу
бағыттарда біркелкі емес. Көлбеу бағытта, яғни кеңістікке
қатынасты, географиялық қабық жеке табиғи кешендерге
бөлінеді (оның баламасы табиғи аймақтық кешен, геожүйе,
географиялық ландшафттар).
Табиғи кешен деп табиғи бөлшектердің ерекшелігімен
ерекшеленетін, күрделі байланыстық әрекетте болатын жер
бетіндегі бөлімдерді айтады.
Кез келген табиғи кешендердің, оның ішкі бейнесінде
көрінетін, табиғи бірлікке ие болатын өзіндік шекаралары бар.
Құрлықта және мұхитта, біртұтас бола тұра, әртүрлі ендікте
біркелкі емес географиялық қабық өте үлкен табиғи кешендерді
құрайды.
Кез келген табиғи кешендердің құрылуы үшін миллиардтаған
жылдар қажет. Құрлықта табиғи кешендер, тау жынысы, климат,
ауа салмағы, су, өсімдік, айуанаттар, топырақ секілді табиғаттың
құрылымдық бөлшектерінің бір-біріне әсерінен пайда болады.
Табиғи кешендердің барлық бөлшектері географиялық қабық
секілді бір-бірімен қабаттасқан және олар біртұтас табиғи
кешенді құрайды, ал онда зат және қуат алмасуы болып тұрады.
Мұхиттардағы табиғи кешендердің құрлықтағы кешендерден
айырмашылығы олар сыңарында ерітілген ауа бар су, өсімдік
және жан-жануарлар, тау жыныстары және жер бедері секілді
бөлшектерден құрылады.
Сонымен, табиғи кешендерді пайда болу жағынан,
геологиялық даму тарихы және қазіргі кездегі ерекшеленген
табиғи бөлшектерінің құрамы бойынша біркелкі болып келетін
124
аймақтар деп қарастыруға болады. Олар біртұтас геологиялық
іргетасқа бір түрлі мінездемеге және жер асты мен жер беті
суларына ие бола отырып, топырақ және өсімдік жамылғысы
тұрғысынан біртектес және бірдей органикалық денелер мен
ерекше айуанаттармен ерекшеленеді.
Табиғи кешендердің сыңарындағы құрылымдардың бір-
біріне әсер ету деңгейі негізінен күн қуатының мөлшері және
ырғағының қарқынымен анықталады. Табиғи кешендердің
қуаттық әлеуетінің сандық мәнін және ырғағының қарқынын білу
арқылы, қазіргі кезде географтар, оның табиғи қорларының жыл
сайынғы өнімділігін және олардың қайта қалыптасуының
оңтайлы мезгілін анықтауға қолжеткізді. Бұның өзі, табиғи
аймақтық кешендердегі табиғи қорларды, адамзаттың
шаруашылық қызметіне пайдалану мүмкіншілігіне нақты
бағдарлама құруға мүмкіншілік береді.
Табиғи аймақтық кешендер (ТАК) деп тарихи дамуы және
жалпы пайда болуымен біркелкі ерекшеленетін, өзіндік
географиялық жағдайға және онда қазіргі кезеңдегі жүретін
үдерістердің шеңберінде, белгілі бір біртұтас табиғи мінездемеге
ие аймақтарды айтады. Сонымен бірге, табиғи аймақтық
кешендер – географиялық сыңарлардың үйлесуін немесе әртүрлі
деңгейдегі жүйені құрайтын, яғни географиялық қабықтан
фацияға дейінгі кешендердің төменгі дәрежесі.
Жер бетіндегі ең үлкен табиғи кешен географиялық қабық
болып табылады. Құрлық және мұхиттар – табиғи кешеннің
келесі дәрежесі. Құрлықтың ішіндегі бөлінетін физикалық-
географиялық аймақтар, табиғи кешендердің үшінші деңгейі
болып табылады.
Географиялық қабықтардың табиғи кешендерге бөлінуінің
екі себебі бар: біріншіден, жер қабатының құрылымының
әртүрлігін тану және жер бетінің біркелкі еместігі болса,
екіншіден, күн сәулесінің жылу мөлшерінің барлық аймақтарда
бірдей еместігінен. Осыған байланысты аймақтық және аймақсыз
табиғи кешендер деп бөледі.
Өте үлкен аймақсыз табиғи кешендерге құрлық және
мұхиттар жатады. Кіші аймақсыз табиғи кешендерге таулар және
жазықтық аймақтар, ал одан төменгі деңгейдегі кешендерге
төбелер, өзен алқаптары және жыралар жатады.
Өте үлкен аймақтық табиғи кешендерге географиялық
белдеулер жатады. Олардың шекарасы климаттық белдеулермен
125
сәйкес келеді және аттарында экваторлық, тропикалық және
субтропикалық болып аталады. Ал географиялық белдеулер, өз
кезегінде жылу және ылғалдың қатынастық шамасы арқылы
бөлінетін табиғи аймақтардан тұрады.
Табиғи аймақтық кешендер, егер оның сыңарындағы табиғи
кешендердің алты құрылымы болса, толық және одан кем болған
жағдайда, толық емес деп аталады. Сондықтан табиғи аймақтық
кешендер пайда болуы және қалыптасу дәрежесі, оның сыңарлық
бөлшектерінің бір-біріне әсерінің деңгейлік байланысы арқылы
анықталады (24-сурет).
Жер бедерінің пайда болуына, яғни қазіргі кездегі табиғи
жүйеге өте үлкен әсерін тигізген кайнозойлық тау жүйелерінің
пайда болуынан, табиғаттың барлық сыңарлық жүйесінде үлкен
қайта құру үдерісі жүрді, ал оның нәтижесінде үлкен аймақтарда
таулар және көптеген жаңа табиғи аймақтық кешендер пайда
болды. Табиғи аймақтық кешендердің қалыптасу кезеңіндегі жер
бедерінің қалыптасуы климат, су, топырақ, өсімдік және
айуанаттар әлемімен реттік және жүйелік байланыста болады.
Табиғи аймақтық кешендердің қалыптасу кезеңіндегі су
қорының қалыптасуы жер бедеріне, климат, топырақ, өсімдік
және айуанаттар әлемімен реттік және жүйелік орналасу
деңгейіне байланысты жүрді.
24-
сурет. Табиғи кешендердің сыңарлық бөлшектерінің бір-біріне әсерінің
деңгейлік байланысы
126
Топырақтың пайда болуын белгілі орыс ғалымы В.В.
Докучаев табиғаттың «айнасы» деп атаған (және ол арқылы
топырақтың табиғи құрылымдарының барлығының бірге әсер ету
дәрежесін бейнелеуге болады, өйткені ол осы бірлесіп әсер етудің
нәтижесінде пайда болады деп қортынды жасаған)
.
Топырақ
жүйесінің қалыптасуының жер бедерімен байланыстылығы таулы
аймақтардағы биіктік белдеуіне байланысты, топырақтардың
ауысып отыру заңдылығының мінездемесі арқылы сипатталады.
Топырақтың аймақтық деңгейде пайда болуының басты себебі
климаттың өзгеруіне де тікелей байланысты. Жер асты сулары
топырақ қабаттарының қалыптасуына әсерін тигізсе, жер
бетіндегі сулар, яғни жауын-шашын және еріген қарлар
топырақтың қарашірік қабаттары арқылы сүзіліп, органикалық
және минералдық қоспаларды ерітуі арқылы, олардың бір бөлігін
шайып кетеді. Далалық өсімдіктер жыл сайын үлкен көлемде
органикалық заттар береді, сондықтан бұл жерлерде, орманды
далада және далалы аймақтың солтүстік жақтарында, шіріген
органикалық заттарға бай топырақтар, яғни қара топырақтар
пайда болады. Айуанаттар әлемі топырақ жүйесінің
қалыптасуына үлкен әсерін тигізе қоймайды.
Табиғи аймақтық кешендердің қалыптасу кезеңіндегі өсімдік
жүйесінің қалыптасуы жер бедеріне, климат, су, топырақ және
айуанаттар әлемімен реттік және жүйелік орналасу деңгейі
арқылы анықталады.
Айуанаттар әлемі, яғни табиғи кешенде өмір сүретін
айуанаттар түрлері әртүрлі және олар белгілі бір өмір сүру
жағдайына бейімделген, сондықтан жан-жануарлардың таралуы
көптеген жағдайда климатқа, өсімдік жамылғысына және
қосалқы дәрежеде топырақ жүйесінің түріне байланысты.
Жалпы табиғи аймақтық кешендердің қалыптасу кезеңіндегі
айуанаттар әлемінің қалыптасуы жер бедеріне, климат, су,
топырақ және өсімдік жамылғысының реттік және жүйелік
орналасу деңгейіне байланысты болады.
Сонымен, Жердің географиялық әртүрлі дәрежедегі қабығы
өте күрделі түрленген табиғи кешендерден тұрады. Құрлықтағы
пайда болған кешендерді қазіргі кезде табиғи аймақтық кешендер
(ТАК), мұхит және су қоймаларындағы пайда болған кешендерді
табиғи акваландық кешендер (ТААК) және табиғи жүйенің
127
негізінде адамзаттың шаруашылық қызметі арқылы пайда болған
кешендерді табиғи техногендік ландшафттар (ТТЛ) деп атайды.
Географиялық қабық тік қимасында жер бетінің жоғары
қабатын (литосфера), аспанның төменгі, яғни барлық гидросфера
және биосфера қабатын қамтитын, Жердің үздіксіз және біртұтас
қабаты. Географиялық кабақ шеңберінде үздіксіз зат және қуат
алмасу жүріп тұрады және Жер қабатының құрылымдық
бөлшектерімен күрделі байланыста болады. Бұның өзі табиғи
аймақты кешендердің табиғи қорларын жан-жақты бағалау
арқылы шаруашылық өндірісіне тиімді пайдаланудың
бағдарламасын құруға мүмкіншілік береді.
Географиялық қабықтың біртұтастығы өте күрделі заңдылық
және оның негізінде қазіргі замандағы табиғи қорларды тиімді
пайдаланудың теориялық және өндірістік ілімінің іргетасы
қаланған. Бұл заңдылықты есепке алу арқылы Жердің табиғи
жүйесіндегі өзгерістерді байқауға, адамзаттың табиғи жүйеге
әсерінен болатын өзгерістерді бағдарлауға, шаруашылық
жүйесіне пайданылған аймақтардағы географиялық жобаларға
сынақтық баға беруге мүмкіншілік береді.
Географиялық қабықтың тағы бір ерекшелігі ырғақты дамуы,
яғни әртүрлі құбылыстардың белгілі бір уақыт аралығында
қайталанып отыруы. Жер табиғатында ырғақтың әртүрлі
ұзақтықта болатыны анықталған, яғни тәуліктік, жылдық және
ғасырлық. Тәуліктік ырғақтық Жердің өзінің кіндігінің
шеңберінде айналуына байланысты, яғни ол ауаның жылуының
және ылғалдылығының, жел жылдамдығының, өсімдік
жүйесіндегі фотосинтездік үдерістердің өзгеріске түсу дәрежесі
бойынша анықталады. Жылдық ырғағы Жердің Күнді айналу
жағдайына байланысты, яғни жыл бойындағы кезеңдердің
ауысуы, топырақтардың даму қарқынының өзгеруі, тау
жыныстарының бұзылуы, өсімдіктердің өсіп-өнуінің және
адамзаттың шаруашылық қызметінің маусымдық ерекшелігін
көрсетеді.
Жалпы «табиғи кешен» және «табиғи аймақтық кешен»
туралы түсініктемені айыра білу керек, яғни табиғи кешен
жаратылыстану ғылымының түсініктемесі және экологиялық
жүйенің бір бөлігі болса, табиғи аймақтық кешен, жеке
аймақтардың
арналуын
және
мәртебесін
анықтайтын
құрылымдық түсініктеме болып табылады.
128
Барлық табиғи кешендерге адамзат қызметінің арқасында
тигізетін әсері өте үлкен. Олардың көбісі көптеген ғасырлар
кезеңіндегі атқарылған адамзат қызметінің нәтижесінде күрделі
өзгерістерге түскен. Адамзаттың өркениеті даму кезеңінде
атқарған қызметінің нәтижесінде жаңа табиғи кешендерді құрды
және пайда болды, яғни олар агроландшафттар, қалалар,
ғимараттар, су қоймалары, бөгеттер және бау-бақшалар.
Достарыңызбен бөлісу: |