Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


 ҚЫЗМЕТТІК-ТЕХНОГЕНДІК-ТАБИҒИ ЖҮЙЕ



Pdf көрінісі
бет74/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
 
5.9  ҚЫЗМЕТТІК-ТЕХНОГЕНДІК-ТАБИҒИ ЖҮЙЕ 
 
Соңғы  жылдары  ауылшаруашылық,  география,  экология 
және  табиғатты  пайдалану  ғылымдарында  адамзат  және 
техногендік  жүйелерінің  арасындағы  әрекеттестік  туралы  жаңа 
ұғымдар  пайда  бола  бастады.  Себебі,  адамзат  табиғи  ортаның 
ішкі  деңгейіндегі  әртүрлі  бағаттағы  техникалық  нысандардың 


 
157 
қызметін,  яғни  техногендік-табиғи  жүйелердің  (ТТЖ)  қызметін 
қарастыруына тура келіп отыр.  
Техногендік-табиғи  жүйелердің  денгейінің  ауқымында 
табиғи және адамзаттың қызметінің ағымы өтетін болғандықтан, 
оны қызметтік-техногендік-табиғи жүйе (ҚТТЖ) деп қарастыруға 
болады. 
Адамзаттың  қоршаған  ортадағы  қызметі  тоғыз  сыңардан 
тұрады,  яғни  қызметкерлер,  техника,  орта  (кең  мағынада: 
климаттық,  гидрогеологиялық,  гидрологиялық,  инженерлік-
геологиялық  және  топырақтық,  құрылатын  саяси,  әлеуметтік, 
экономикалық, техникалық және табиғи жағдайдан туындайтын), 
қорлар, ақпарат, нұсқа, уақыт, басқару және өнім (өзгерген және 
зерделік  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  техникалық  және 
табиғи жағдайдан). 
Нақты  жүйелерді  табиғи  деңгейде  сараптау  көрсеткендей, 
оларды  «қызметтік-техногендік-табиғи  жүйе»  -  (ҚТТЖ)  деп 
толық  қарастыруға  болады.  Өзен  саласының    су  жинақтайтын 
ауданының өзінде бірнеше халық шаруашылығының техникалық 
салалары  орналасқандықтан  және  ол  аймақта  тұрақты  түрде 
табиғи  үдерістер  немесе  табиғи  қызметтермен қатар адамзаттың 
қызметтері  де  бірге  жүретін  болғандықтан,  экологияның 
заңдылықтарына  сүйене  отырып,  уақыт  және  кеңістік  аясында, 
қоршаған  және  табиғи  орталарда,  ең  төменгі  шығындарды 
қамтамасыз  ететін,  адамзаттың  қызметтік  жұмыстарының 
дәрежесін реттеп отыруға тура келеді. 
Экология  бір  жағынан  қарағанда  –  биологиялық  одақтың 
тұрғындары  туралы  ғылым,  оның  ішінде  қоршаған  ортада 
тіршілік  ететін  және  дамыған  адамның  тіршілік  ортасы  немесе 
«қызметтік-техногендік-табиғи  жүйе»  өте  күрделі  құрылым. 
Сондықтан  тіршілік  ортасының,  яғни  қызметтік-техногендік-
табиғи  жүйе  және  оның  сыңарларын,  олардың  көрсеткіштерінің 
биологиялық  қоғамдастығының,  оның  ішінде  адамзат  жайлы 
дамуын қамсыздандырудың сапасын сөз ету және ойлау қажет. 
Қазіргі  кездерде  қызметтік-техногендік-табиғи  жүйе  даму 
үстінде және күрделеніп бара жатқандықтан, өзінше үдерістердің 
және қызметтің араласқан түрін ұсынады және өнім өндіру және 
қызмет  атқару  арқылы  іске  асырылатын  болғандықтан,  өнімнің 
және  қызмет  атқарудың  сапасы,  қызметкерлерге,  техникаға, 


 
158 
қорға, ортаға, ақпаратқа, нұсқаға, уақытқа және басқару жүйесіне 
байланысты. 
Сондықтан  қызметтік-техногендік-табиғи  жүйе  туралы 
түсінік  беру  үшін  оның  мағынасына,  санаттың  және  ұғымның 
рөліне түсінік беру қажет, яғни қызметкерлер, техника, қор, орта, 
ақпарат, нұсқа, уақыт және басқару жүйесінің сапалық мәселесін 
қарастыру қажет. 
Ол  үшін,  біріншіден,  экология  –  биологиялық  бірлестік 
тіршілік  тұрғыны  туралы  білім,  екіншіден,  өзен  арналары 
өздігінше  қызметтік-техногендік-табиғи  жүйе  ұсынатындығын, 
үшіншіден,  адамның  және  басқа  да  барлық  тірі  денелердің 
тұрғын  ортасы,  сандық  мәні  бар  мінездеменің  термині  және 
сапасын  қайтарушы,  қызметтік-техногендік-табиғи  жүйе  екенін 
түсінуіміз қажет. 
Осылардың  арқасында  ғана,  қызметтік-техногендік-табиғи 
жүйе немесе адамның тұрғын ортасын басқаруға арналған шешім 
қабылдау  үшін  мақсатты  атқаратын  қызметтің  жүйесін  және 
сапасын тұжырымдауға болады. Ол үшін, біріншіден, «экология» 

тірі  және  өлі  табиғаттың  арасындағы  қарым-қатынастарды 
зерттейтін  ілім  деп  түсіну  керек  және  бұл  түсініктемені  ең 
бірінші рет неміс биологі Эрнст Геккель ұсынған. Осы тұрғыдан 
қарағанда біз екі нысанға ие боламыз: үй және шаруашылық, яғни 
мекендеу – физикалық және ілім-теориялық ұғым екендігіне көз 
жеткізуге болады.  
Адамзаттың  қызметтік  іс-әрекеті  барлық  уақытта  және 
жағдайда  өзен  салаларында  жүргізілетіндіктен,  олардың  табиғи 
ортасында  көптеген  техникалардың  орналасатынын  және  оның 
нәтижесінде  техногендік  жүйе  немесе  ортаның  пайда 
болатындығын,  одан  басқа  адазаттың  қызметінің  орны  бар 
екендігін  ескерсек,  онда  бұл  құрылымдарды  Л.  М.  Рекс  – 
«қызметтік-техногендік-табиғи 
жүйе» 
деп 
қарастыруға 
болатындығын ең бірінші рет атады. 
Қызметтік-техногендік-табиғи  жүйе  қазіргі  кездегі  ілімнің 
деңгейінде  билогиялық  бірлестіктің,  оның  ішінде  адамның  да 
тұрғын мекені және ол табиғаттың заңдылықтарына сай дамиды. 
Жаңадан  құрылған  қызметтік-техногендік-табиғи  жүйенің 
құрамына  табиғат,  техника,  табиғи  үдерістер  және  адамның 
қызметтік  іс-әрекеті  кіреді.  Жүйенің  жоғарыда  аталған 
сыңарлары  уақыт  және  кеңістікте  бірге  қызмет  атқарады  және 


 
159 
табиғи  ортаға  ыңғайсыз  әсер  етпейтіндей  немесе  оның  деңгейін 
барынша  төмендету  үшін  олардың  арасындағы  қарым-
қатынастарды үлестіру қажет. 
Сонымен, қызметтік-техногендік-табиғи жүйе туралы қазіргі 
кездегі  қалыптасқан  көзқарастың  негізінде  оның  құрылымдық 
байланыс жүйесін құруға болады (37-сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет