Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


АДАМНЫҢ ТАБИҒАТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ



Pdf көрінісі
бет9/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
1.3 АДАМНЫҢ ТАБИҒАТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 
 
Н. Ф. Реймерс (1994) бойынша табиғат пен адам арасындағы 
байланыстардың  тарихи  барысы  табиғаттағы  және  шаруашылық 
жүргізу  пішіндегі  бір  мезгілдегі  өзгерістерге  алып  келеді. 
Шаруашылық  жүргізу  пішіндегі  табиғатта  болып  жатқан 
өзгерістерден  болатын  қиындықтардың  салдарынан  өзгере 
отырып,  өз  кезегінде  табиғатты  өзгертеді.  Табиғат  пен  адамның 
арасындағы  тұрақты  байланыс  П.  Дансероның  (1957)  адам  мен 
биосфераның  өзара  әрекеттесуінің  кері  байланыс  заңы  немесе 
«бумеранг заңы» деп аталады, басқаша айтқанда Б. Коммонердің 
(1974)  «ешнәрсе  тегін  берілмейді»  дейтін  төртінші  заңы. 
Жаhандық  экологиялық  жүйе  біртұтас  болып  табылады.  Оның 
ішінде ешнәрсе өздігінен пайда болмайды және ешнәрсе жоғалып 
кетпейді, ол жалпыға ортақ жақсару нысаны бола алмайды, одан 
адам  еңбегімен  алынған  нәрсенің  барлығы  қайтарылуы  тиіс. 
Ондай қарызды төлемеу мүмкін емес, ол тек кешіктіріліп төленуі 
мүмкін.  Бұл  биосфераның  алмастырымсыздық  заңында  да  атап 
өтіледі. Ол заңды В.И.Вернадский, Д. П. Марше, Э. Реклю сияқты 
ғалымдар  тұжырымдаған.  Мысалы,  В.  Г.  Горшков  (1990)  ол 
заңды  келесі  түрде  тұжырымдайды:  «Қоршаған  ортаны 
тұрақтандыруды  табиғи  қауымдастықтар  сияқты  дәлдікпен 
тұрақтандыратын жасанды қауымдастықтар жасауға үміттенерлік 
ешқандай  негіз  жоқ.  Табиғи  биотаның  шекті  мәннен  артық 
көлемде қысқаруы, қоршаған ортаның тұрақтылығын тазартушы 
құрылғыларды  салудың  және  қалдықсыз  өндіріске  көшудің 
есебінен  қалпына  келтіре  алмайтындай  дәрежеде  бұзады. 
Биосфера  ортаның  тұрақтылығын  кез  келген  ауытқулар  кезінде 
қалпына келтіретін бірден-бір жүйе болып табылады. Жердің көп 
бөлігінде жабайы табиғатты сақтау қажет». 
Орнын  алмастыру  мүмкін  емес  биосфера  белгілі  бір  кезеңге 
дейін Ле Шателье-Браун қағидасының шеңберінде жұмыс істеді. 
Ол  қағида  эволюцияның  бұл  кезеңі  үшін  П.  Дансероның  (1957) 
биосфераның  қайтымдылығы  заңы  түрінде  тұжырымдалды: 
«Биосфера  оған  түскен  салмақ  неғұрлым  көп  болған  сайын 
экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге соғұрлым күштірек 


 
17 
тырысады.  Ол  тырысу  экологиялық  жүйелер  дамудың 
климакстық  фазаларына  жеткенге  дейін  жалғаса  береді».  П. 
Дансеро  (1957)  адам  мен  биосфераның  өзара  әрекеттесуінің 
қайтымсыздығы  туралы  келесі  заңды  тұжырымдады:  «Ортаны 
терең  өзгерткен,  жаппай  жоюға  немесе  барынша  аздырып, 
тоздыруға  жеткізіп,  шамадан  тыс,  ресурстарды  қалпына  келу 
мүмкіндігінен  артық  пайдаланған  жағдайда  жаңғырмалы  табиғи 
қорлар  жаңғырмайтын  қорларға  айналады».  Мысалы,  адам  мен 
табиғаттың  өзара  қарым-қатынас  жүйесінің  қазіргі  кездегі  даму 
фазасы осындай. Қазіргі заманғы өркениет пен мәдениет Жердегі 
жалпы  тіршілікке  де,  оның  бір  бөлігі  адамға  да  өмір  сүрудің 
тұрақты  жағдайларын  қамтамасыз  етпейді.  Бұл  қорытынды 
табиғи жүйелерді өзгерту шамасының ережесінде көрініс тапты: 
«Табиғи  жүйелерді  пайдалану  кезінде  олардың  өзін-өзі  қолдау 
(өзін-өзі  ұйымдастыру  және  өзін-өзі  реттеу)  қасиетін  сақтауға 
мүмкіндік  беретін  кейбір  шектерден  асуға  болмайды».  Табиғи 
жүйелердің  ол  қасиеттері  мен  өзін-өзі  реттеуін  екі  механизм  – 
жүйенің ішіндегі экологиялық құрамдас бөліктердің арақатынасы 
және  сол  деңгейдегі  жүйелерге  жататын  кеңістіктік 
жүйешелердің  өзара  әрекеттесуі  қолдайтын  болғандықтан, 
аталған ереже ол екі механизм үшін де жарамды.  
Табиғи  жүйелерді  өзгерту  шамасының  ережесінен  келесі 
қорытындыларға өтуге болады: 
1.  Жаңғырмалы  қорлардың  жаңа  бірлігін  жүйенің  жұмыс 
істеу  жылдамдығымен  анықталатын  белгілі  бір уақыт  өткен  соң 
ғана  алуға  болады.  Ол  уақыт  өткенше  экологияның  барлық 
теориялары белгілеген шектеулер шебінен өтуге болмайды. 
2.  Тірі  құрамдас  бөліктері  бар  табиғи  жүйенің  тізбекті  даму 
фазасынан аттап өтіп кету мүмкін емес.   
3.  Шаруашылық  шараларды  тек  қандай  да  бір  оңтайлы 
өлшемдердің  шеңберінде  ғана  ұтымды  жүргізуге  болады,  ол 
шектен шығу  шаралардың тиімділігін төмендетеді. 
4.  Табиғи  жүйені  өзгерту  қызметі  ортаның  қандай  да  бір 
құрамдас  бөлігін  артық  ету  арқылы  оны  тепе-теңдіктен 
шығармауы тиіс. Егер олай жасау аса қажет болса, өзгертілмеген 
табиғи  жүйелер  түрінде  жеткілікті  мөлшерде  өтем  жасау  қажет 
болады.  


 
18 
5.  Табиғатты  өзгерту  шекаралас  жерлерде  немесе  тұтас 
биосферада  қандай  да  бір  көрсеткіштердің  нашарлауы  есебінен 
жергілікті немесе өңірлік ұтыс ғана береді.  
6.  Шаруашылық  әсер  ол  бағытталған  жүйеге  ғана  әсер  етіп 
қоймайды,  Ле  Шателье-Браун  қағидасына  сәйкес  жасалған 
өзгерістерді  «тегістеуге»  тырысатын  жүйелерге  де  әсер  етеді. 
Осыған  байланысты  табиғатты  өзгертуге  жұмсалған  шығындар 
ешқашан  тек  тікелей  жоспарланған  әсерге  жұмсалатын 
шығындармен  шектелмейді. 
7.  Табиғи  тізбекті  реакциялар  ешқашан  зат  пен  энергияның 
өзгерісімен шектеліп қалмайды, олар табиғи жүйелердің серпінді 
қасиеттерін де өзгертеді. 
8.  Біртіндеп  қалыптасқан  екінші  экологиялық  тепе-теңдік 
әдетте  бастапқы  тепе-теңдікке  қарағанда  тұрақтылау,  бірақ  ол 
кезде әлеуетті «өзгертулер қоры» қысқарады.  
9.  Табиғаттағы  табиғи-жүйелік  реттеудің  мақсаттары  мен 
шаруашылық  мақсаттарының  сәйкес  келмеуі  табиғи  жүйенің 
күйреуіне  алып  келуі  мүмкін,  яғни  табиғаттың  және  
шаруашылықтық  өзгертулердің  күштері  қарама-қарсы  күрес 
барысында бастапқыда бірін-бірі жоя бастайды, содан соң табиғи 
жүйе қирай бастайды.  
10. Табиғатқа әсер етудің техникалық жүйелерінің  уақыттың 
ұзақ  аралығындағы  шаруашылықтық  тиімділігі  бағытталған 
табиғи  жүйелердің тиімділігіне қарағанда әрқашанда төмен.  
Табиғи  жүйелерді  антропогендік  өзгертулердің  жеткілікті 
дәрежеде анық шектеулері бар. Мұнда кейбір жеке заңды-лықтар 
да,  мысалы  А.  Тюрго  –  Т.  Мальтустың  кеми  беретін  қайтарым 
заңы  анықталады.  «Аграрлық  жүйеге  салынған  энергия  үлесін 
көбейту  оның  өнімділігінің  барабар  көбейт-пейді»,  –  деп 
тұжырымдалған  бұл  заң  ауыл  шаруашылық  экологиясының 
басты ережесіне айналды.  
«Бумеранг  заңында»  мазмұндалған  кері  байланыстар  және 
табиғи  жүйелерді  өзгерту  шамасының  ережесі  демографиялық 
қанығу  заңына  немесе  ережесіне  негіз  болады:  «Жаhандық 
немесе  өңірлік  оқшауланған  ортадағы  халық  саны  әрқашанда 
оның  өмір  сүруін,  адамның  қалыптасқан  барлық  сұраныстарын 
барынша қолдаудың мүмкіндігіне сәйкес келеді». Адамзат табиғи 
ортаға  тек  биологиялық  қана  емес,  көбіне  техногендік  салмақ 
түсіреді.  Екінші  жағынан  ХХ  ғасырдың  соңында  Жерде 


 
19 
демографиялық қанығу  емес,  адамдардың  барлық сұраныстарын 
есепке  алғанда  халық  санының  шектен  тыс  артық  болуы 
байқалды.  Демографиялық  қанығу  заңын  сақтамау  «адам  – 
табиғат»  жүйесіндегі  тепе-теңдіктің  күрт  бұзылуын  туғызады. 
Тепе-теңдіктің  бұл  ауытқуына  түрдің  тығыздығына  байланысты 
болатын  биоэкологиялық  факторлар  тобының  әсері  қосылуы 
мүмкін. Бұл шектеуші екі механизм де бір мезгілде іске қосылып, 
демографиялық күйреу болу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. 
Алғашқы  қауымдағы  адамдар  үшін  Жер  аумағы  шексіз 
таусылмайтын ресурс болды. Дегенмен қазіргі кезде халық саны 
өскен  үстіне  өсіп  жатқанда,  ал  ғаламшарымыздың  көлемі 
шектеулі  болғандықтан,  Жерде  шексіз  ешнәрсе  жоқ,  адам  үшін 
таусылмайтын табиғи қорлар жоқ екені айқын болуда. «Табиғат – 
адам» жүйесінің үнемі өсіп келе жатқан тарабы – сұранысы үнемі 
артып  жатқан  адамзат  кез  келген  көлемдегі  ресурсты  оп-оңай 
сарқуы мүмкін. Жер ғаламшарының аумағы орасан зор болса да, 
ол қазіргі адамзат үшін тым шағын болып барады. Таусылмайтын 
болып саналатын ресурстар (күн энергиясы және басқа да қуатты 
табиғи  құбылыстар)  адамзаттың  энергияны  тұтынуының  қазіргі 
деңгейімен салыстырғанда күрт шектеулі болып қалды. «Жердің 
барлық табиғи қорларды мен табиғи жағдайлары ерте ме, кеш пе 
сарқылады»  –  деп  тұжырымдалған  табиғи  ресурстардың 
шектеулілік  заңын  мойындауға  тура  келеді.  Табиғи  қорлардың 
шектеулілігі  қоғамның  өндіруші  күштеріне,  олар  арқылы 
әлеуметтік  қатынастарға  әсер  етеді.  Қазір  өндіруші  күштердің 
дамуы  мен  қоғамдық  озықтықтың  табиғи-ресурстық  әлеуетінің 
арасында сәйкестік байқалуда.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет