Байланысты: Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
Расмус Кристиан Раск (1787-1832). Расмус Кристиан
Раск Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап
осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген,
испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген
тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін
салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері
және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп
аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын,
грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.