Байланысты: Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
Салыстырмалы - тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Расмус Раск өзінің 1818
жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты
еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не
екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан
бірбіріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды,
бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының
белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені
грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды
деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір
кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі
сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы
тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық
тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.