Байланысты: Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля
Салыстырмалы- тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. 1816 ж. Ф.Боптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу
жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің
жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда
аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ғалым 1833-1849
жылдар арасында «Үнді-Еуропа тілдерінің салыстырмалы
грамматикасын» жазды. Ф.Бопптың бұл еңбегіне Панини
еңбегінің әсері тиген. Ф.Бопп негізгі зерттеу объектісі етіп
морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда
қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды. Тіл білімі
тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін
салушы деп саналады.