Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79



Pdf көрінісі
бет66/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

доминант 
ұғымын    б а с ы м,  б а 
с ы м д ы қ,  б а с ы м д ы л ы қ   баламасымен бергенді жөн 
санаймыз. Біздің бұл пайымдауымызды қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде  берілген  анықтама  нақтылай  түскендей:  Б  а  с  ы  м  
сын. 1.Мол, көп. 2.
Үстем
, күшті, мығым.  Б а с ы м д ы қ  зат. 
Артықтық, көптік, күштілік.  Б а с ы м д ы л ы қ  зат. Басым 
болушылық [19; 20,141].
Б  а  с  ы  м  д  ы  қ    деген  терминді  қолданған  ғалым 
Ә.Хасенов. Ол кісі «тілдерді типологиялық типтерге бөлгенде, 
ең алдымен ол тілдің грамматикасы қалай құрылған, ол тілде 
грамматикалық  тәсілдің  қай-қайсысы    б  а  с  ы  м  д  ы  қ    етеді 
деген  мәселе  басшылыққа  алынады»  [21,39],  дейді  де  ойын: 
«тілдерді  құрылымы  мен  құрылысына  қарай  топтастыруда  
басшылыққа алынатын негізгі белгілер: ең алдымен тілдердің 
грамматикалық  жүйесінің  қалай  құрылғандығы,  белгілі  бір 
тілдердегі грамматикалық тәсілдердің қайсысы  б а с ы м д ы 
қ    (доминант    Е.Ж.)  ететіні,  сол  тілдердегі  сөздердің  өзгеру, 
түрлену  жолдары,  ерекшеліктері,  қысқасы,  қайталап  айтсақ, 
белгілі тілдердің құрылымы мен құрылысы», - деп аяқтайды.  
Сонымен, әрбір тілде, тілдің типологиялық табиғатында, 
ерекше  басым  грамматикалық  тенденциялар  болады.  Тілдегі 
типологиялық  басымдылық  кез  келген  тілді  өзге  тілдерден 
ерекшелендіріп  тұрады  және  ол  басымдылық  тілдің  бүкіл 
жүйесіне әсер етеді. Мәселен, қазақ тілінде ерекше көзге түсетін 
типологиялық басымдылық - сөздерге аффикстер жалғанғанда, 
сөздің  морфологиялық  құрамы  күрделенгеніне  қарамастан, 
сөздің түбірінің дыбыстық құрамы, негізінен алғанда, өзгермей, 
сол қалпында қалуы.


– 
97 

Есеналиева Жанар
Біздің  зерттеуіміздің  негізі  ретінде  типологиялық 
басымдылық      ұғымымен  қатар  қолданылатын  тағы  бір  ұғым 
бар. Ол - «белгілер кеңістігі». «Белгілер кеңістігі» ұғымы өте 
күрделі ұғым. Оның  көпөлшемді тілдік жүйені терең талдауға 
септігі тиеді.
Е.С.Кубрякованың  айтуынша,  «белгілер  кеңістігінің» 
көмегімен  ғылыми  ұғымдарды  анықтау  мәселесінің  ескі 
классификациялау принципінен жаңаға өту мүмкіншілігі зор.
Әрбір тіл құрылымы мен қызметі бар, бүтін (тұтас) жүйелі 
құбылыс ретінде өмір сүреді. Дегенмен, жүйе құрылымнан ғана 
тұрмайды. Әрбір жүйе өзіне тән және бір-бірімен байланысты 
үш  түрлі  атрибуттың    -  құрылым  мен  субстанцияның  және 
қызметтің  ұштасып  келуінен  және  олардың  диалектикалық 
бірлігінен  құралып,  өмір  сүреді,  дамиды.  Сонымен  қатар,  тіл 
- тек жүйе ғана емес, жүйелердің жүйесі. Ол бір  белгіні ғана 
қамтымайды, бірнеше белгілердің жиынтығы болып табылады.  
Бұл жерде қандай да бір тілдік құбылыс классификацияланып, 
сараланып,  сипатталып  қана  қоймайды,    сонымен  бірге, 
«белгілер кеңістігінің» өзіндік орны көрсетіледі.
Тілдік құрылым әр тектес элементтердің арақатынасынан 
және  бірлігінен  тұрады.  Ол  элементтер  мыналар:  1)  дыбыс 
(фонема),  2)  морфема,  3)  сөз,  4)  сөйлем,  5)  мәтін.    Бұл 
элементтердің  арасындағы  айырмашылықтар  –  сапалық 
айырмашылықтар.  Демек,  аталған  элементтер  бір-бірінен 
сапасы жағынан ажыратылады. Әрбір элементтің сапасын оның 
қызметі айқындап тұрады [24,62 . 
«Белгілер  кеңістігі»  әрбір  тілдің  негізгі  құрылымын 
көрсететін  нақты  тілдік  категориялардың  қызметтерінің  
жалпы  сипатын  анықтайды  және  бір-бірімен  байланысты  
тілдік  құбылыстардың  түрленуінің  сапалық  айырма-
шылықтарының таралу диапазонының ауқымын айқындайды. 
«Басым  белгі»  және  «белгілер  кеңістігі»  ұғымдарының 
бір-бірімен  тығыз  байланыстылығына  күмән  жоқ.  Өйткені, 
тілдің  қандай-да  бір  деңгейінің  қызметі  мен  ерекшелігін 
анықтайтын  белгілер  жиынтығының  ішінен    бір  белгі 
басым
 


– 
98 

Салғастырмалы тіл білімі
келеді.  Ол  басымдылық    белгілі  деңгейде  ерекше  сипатқа  ие 
болып, басқа белгілердің көрінуіне ұйтқы болады және тілдің 
бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді.
Мәселен,  қазақ  тілінің  құрылымында  да  типологиялық 
басым белгілер кездеседі.
Біз жоғарыда басым белгі, басымдылық (доминант) және 
басым белгінің тілдің типіне әсер ететін ерекшесі (детерминант) 
ұғымдарының  аражігін  ажыратамыз  деген  едік.  Төменде  біз 
қазақ  тілінің  құрылымындағы  басым  белгілерді  көрсетеміз. 
Детерминантты курсив арқылы белгілейміз.
Фонетикалық
  басым белгілер: 
1)  Сөз басы мен соңында дауыссыз дыбыстар тіркесінің 
болмауы; 
2) 
Үндестік заңының
 болуы; 
3)  Үндестік 
заңымен 
жалғасатын 
фонетикалық 
сипаттардың бар болуы; 
4)  Сөздің
 
фонетикалық  тұтастығын  сақтауға  мүмкіндік 
беретін  ассимиляциялық  және  диссимиляциялық 
құбылыстардың ықпалы. 
Морфологиялық
  басым  белгілер:  1) 
Сөздің  морфемалық 
құрылымының  айқындылығы;
  2)  Түбір  морфеманың  өзіндік 
тұрақты  фонетикалық  қалпын  сақтауы;  3)  Атау  септігіндегі 
сөз  негізі  (түбір)  бүкіл  септеу  парадигмасының  орталығы 
(негізі)  болып  келуі;  4)  Сөзжасам  және  сөз  түрлендіру 
құбылыстары  негізінен  агглютинативті  аффиксация  есебінен 
жүзеге  асуы  (бұл  жағдайда  аффикстер  тіпті  өзгермейді);  
5)  Аффикстердің  бір  мағыналығы  және  стандарттылығы;  
6) Аффикстердің жалғану тәртібінің тұрақтылығы.  
Синтаксистік
  басым белгілер: 
1) 
Сөздердің сөйлемдегі тұрақты орын тәртібі;
 
2)  Анықтауыш айқындалушы сөз алдында, толық тырушы 
сөз толықтауыш алдында, баяндауыш сөйлем соңында 
орналасады.
Әрбір  деңгейдегі  детерминант  типологиялық  басым ды-
лықтың негізгісі болып табылады. Ол басқа белгілердің көрінуіне 
негіз болады, тіпті тілдің типінің анықталуына әсер етеді. 


– 
99 

Есеналиева Жанар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет