Оқулық Алматы, 020 ӘӨЖ 811 кбк 81. Е 79


метатіл  деп те атайды.  Метатіл  дегеніміз  –  нақты  тіл



Pdf көрінісі
бет78/164
Дата02.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#117141
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   164
Байланысты:
Есеналиева Ж. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫЛ БЫЛЫМЫ 2021 от 7 апреля

метатіл 
деп те атайды. 
Метатіл  дегеніміз  – 
нақты  тіл
  болып  табылады,  оның 
табиғи тіл болуы да, жасанды тіл болуы да ықтимал. Кез келген 
тілдің  жүйелік-құрылымдық  зерттеу  деңгейінде  осы  метатіл 
негізгі тұғыр бола алады.
Салыстырмалы талдаудың  метатілсіз болуы мүмкін емес. 
Тіл  білімі  тарихында  тілдерге  классификация  жасағанда,  ол 
(метатіл) үнемі қолданылды. Алайда ол кейде нақты емес. Кейде 
тіпті қолданылғаны білінбей қалатын да жағдайлар  кездеседі.
Эталон-тілдің  немесе  метатілдің  рөлін  кез  келген  тіл 
атқара  алады.  Мәселен,  шет  тілі  оқулықтарында,  ол  тілдерді 
сипаттағанда оқушының ана тілі эталон тіл бола алады. Тілдегі 
диалект сөздерді сипаттағанда да, эталон тіл қолданылады.
Алғашқы  латын  грамматикасы  грек  эталоны  бойынша 
сипатталды  (мысалы,  Присциан  грамматикасы).  Көне  еуропа 
тілдерінің  грамматикасын  құрғанда  латын-грек  эталоны  
пайдаланылды  (мысалы,  шіркеулікславян  тілі,  ағылшын  тілі 
т.б.). Тибет грамматикасы санскрит үлгісі бойынша жасалды.
Кей  кезде  метатіл  арнайы  жасалынады.  Салыстырмалы-
тарихи  тіл  білімінде  эталон-тілдің  немесе  метатілдің  рөлін 
ататіл  атқарады  (алайда,  оны  тек  ойша  құрады,  шын  мәнінде 
ататілдің бар-жоғы сөз болмайды).
Тілдер  арасында  типологиялық  талдау  жүргізу  үшін 


– 
121 

Есеналиева Жанар
метатілді  анықтап  алу  керек.  Метатіл  -  тіл-құрал  көмегімен 
нысан  тілдің  сипатталуын  жоғарыда  көрсеттік.  Дәлірек 
айтқанда,  біздің  ойымызша,  метатіл  дегеніміз  –  құрылымы 
жағынан  бір-бірінен  алшақ  тілдерді  салыстыруды  жүзеге 
асыруға  көмектесетін  жүйе,  салыстыруды  жүзеге  асыратын 
құрал. Б.А.Успенскийдің айтуынша: «Метаязык- это некоторый 
определенный язык  (естественный или искуственный)  через 
который описывается какой-то другой язык» /А.Успенский/.
Жалпы  лингвистиканың  салаларын,  генетикалық 
типологияны,  құрылымдық  (структуралық)  типологияны, 
ареалды 
типологияны, 
салыстырмалы 
типологияны, 
оның  ішінде  салыстырмалы  типология  мен  контрастивті 
типологияның  ара  жігін  айқындаған  ғалым  Дж.Буранов 
«контрастивті  лингвистика  салғастырмалы  тіл  білімі  ретінде 
салыстырмалы лингвистикаға қарағанда екі тілдің жүйесіндегі 
жеке  бір  деңгейлік  бірліктерді  зерттейді,  ал  салыстырмалы 
типология тілдер жүйесінің деңгейаралық жүйелерін зерттейді» 
дей  келіп,  одан  әрі  «контрастивтік  лингвистиканың  өзіндік 
нақты  қалыптастырылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет