қара тұқымды ұрпақ береді. Енді уш генотипте (ААвв, Аавв, Аавв,)
қара
түсті
анықтайтын
доминантты
А
гені
болғандықтан
тұқымдарының түсі қара болады. Сонда 16 өсімдіктің 12-сі фенотипі
бойынша қара түстілер болып шығады. Тағы да үш генотипте (ааВВ,
ааВв, ааВв) эпистазды А гені жоқ, тек доминантты
В гені
болатындықтан ондай өсімдіктердің түқымдары сүр түсті болады. Тек
бір
ғана
генотиптен
(аавв),
құрамында доминантты
гендер
болмайтындықтан, тұқымы ақ түсті өсімдіктер дамып шығады.
Эпистаз
жағдайындағы
гендердің
өзара
әрекеттесуі
комплементарлықтан өзгеше болады. Алғашқысында белгілі бір
органның дамуына ықпал ететін ген баска бір геннің қызметін
тежейді, соның салдарынан ұрпағында ата-аналық формаларға тэн
белгілер байқалады. Комплементарлықта керісінше белгілер екі
аллельді емес гендердің әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: