Осындай негізгі геннің қызметіне қосалқы эсер ететін аллельді емес
гендерді модификатор гендер деп атайды. Мысалы, сиыр реңінің ала
болуын
негізгі ген анықтайды, бірақ алалықтың мөлшері барлығында
бірдей болмайды яғни біреуінде артыгырақ, біреуінде кемірек
болады.
Ол модификатор геннің
қызметіне байланысты болып
келеді.
Геннің және оның аллельдерінің қызметін қарастырғанда тек
гендердің өзара әрекеттесуін, не болмаса ген модификаторладың
әсерін
гана емес, сонымен қатар организмнің өсіп дамуы үшін
қажетті сыртқы орта жағдайларын ескеру қажет. Мысалы, примула
өсімдігі 15-25° температура аралығында өссе, гүлінің түсі қызгылт
болады (ата-аналық формалар РР- қызғылт х рр-ақ) егер Ғ2-дегі
өсімдіктерді 30-35° температурада өсірсе бэрі тегіс ақ гүлділер болып
шығады, ал егер температура 30°-қа жетер жетпес болса, белгілер 3:1
катынасындай болып ажырайды.
Сонда мұндай құбылмалылық
сыртқы ортаға, атап айтқанда температураға байланысты болып отыр.
Бүл құбылысты орыс оқымыстысы С. С. Четвериков пенетранттылық
деп атаған.
Белгінің айқын көріну шамасы сыртқы орта мен ген -
модификаторларға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, VgVg
алльлелі бойынша гомозиготалы (қанатының жұрнағы ғана бар)
дрозофила шыбынында бүл белгі тек төменгі температурада ғана
айқын аңғарылады. Сол дрозофиланың
басқа бір белгісі - көзінің
көрмеуі шыбындардың жабайы түріне тэн, яғни фасеткаларының
(көзшелері) саны 0-ден 50-шақты ғана болуына байланысты. Мінс,
осындай құбылыи, өзгеріп отыратын белгілердің корініс беру
60
деңгейін экспрессивтілік дейді. Экспрессивтілік эдетте белгінің
организмнің жабайы түрінен қаншалықты ауытқығанын көрсетеді.
Сонымен, организмнің
белгі-қасиеттерінің қалыптасуы, яғни
фенотипі генотип пен сыртқы орта факторларына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: