Өйткені соның салдарынан биосфераға жаңа патогенді немесе
мутантты гендері бар бактериялар мен вирустар қаптап кетуі
ықтимал. Кейбір рекомбинантты молекулалар қатерлі ісік (рак)
тудыруы да мүмкін. Генетикалық инженерияның әдістері жаңа
биологиялық қарулар жасау мақсатында да қолданылуы кэдік. Егер
бұл айтылғандар жүзеге асатын болса, жалпы жер бетіндегі тіршілік
атаулыға, соның ішінде, ең алдымен, адам баласына қауіп төнеді.
Г енетикалық
инженерияның
қол
жеткен
табыстарының
арқасында
ауыл
шаруашылығының,
биотехнологияның
жэне
медицинаның
іргелі
мэселелері
шешілетіні
сөзсіз.
Осыған
байланысты өсімдіктер, жануарлар мен мироорганизмдер селекциясы
жаңа сипат алмақ. Бұл ғылымның адамда болатын түқым қуалайтын
аурулармен және басқа да биологиялық кемістіктермен күресте
алатын орны ерекше. Генетикалық инженерияның, сонымен қатар,
әлеуметтік жэне психологиялық проблемаларды зерттеуге де қатысы
бар. Осы аталған проблемалар шешілетін болса, адамзаттың бүкіл
органикалық дүниеге үстемдігі артады, сөйтіп ол тірі табиғаттың
нағыз иесіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: