Анемия
- қан аздық. Эритроциттер мөлшерінің,
оның
гломогобинінің немесе жалпы қан мөлшерінің азаюынан пайда
болатын аурулар тобы. Оның бірнеше түрі бар: Кули анемиясы
немесе талассемия, орақ тәрізді клеткалы анемия, примахиндік
анемия т.б.
Анеуплоидия
-
хромосома
санының
оның
гаплоидты
жиынтығына еселенбей өзгеруі /артуы немесе кемуі/. Мысалы,
жүгеріде болатын 20 хромосоманың 21 немесе 19 болып өзгеруі.
Аниридия
— көзде сыртқы мөлдір қабықтың болмауы /екі
көзде бірдей/, соның салдарынан қасаң қабықгың, көз бұршағыныц
бұлдырлануы, көрудің нашарлауы, катарактаның пайда болуы,
жарыққа қарай алмау байқалады.
Аутосомды-доминантты тип
бойынша тұқым қуалайды.
Анофтальмия
— көз алмасының мүлде болмауы /рецессивті
белгі/.
Толымсыз
доминанттылық
жағдайда
гетерозиготалы
дарақтардың көз алмасы кішірейген күйде болады.
Достарыңызбен бөлісу: