Құқықтық тəрбие. Құқықтық тəрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мəдениет пен құқықтық əрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге əрі мойындауға баулу. Құқықтық тəрбие жүйесі мемлекет сипаты жəне саясатымен белгіленеді.
Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай əрекет- қылығының мұратты (идеяльная) моделі. Құқық пен тəрбиенің өзара байланысты əрекеті негізінен жанама түрде тəрбиеге араласқан ата- аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы əлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мəртебесі
«Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) жəне «Бала туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы жəне мектеп жағдайларында балалар орынды əрекет-қылық əдеттерін, адамгершілік жəне құқықтық нормаларын, əлеуметтік іс-əрекеттердің алғашқы дағдыларын меңгере бастайды.
Құқықтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны- құқық бұзушылық əрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тəрбиедегі қолайсыз жəйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тəрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тəрбиеленушінің
жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.
Достарыңызбен бөлісу: |