Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет147/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
Эстетикалық тəрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй – сезімдік жəне тұлғалық сана мен оған сəйкес іс-əрекет қалыптастыру жəне дамыту.

Бұл тəрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады əрі құндылық мəнін иелейді. Эстетикалық тəрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың əсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тəрбие жұмыстарының формалары жəне əдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

Эстетикалық тəрбие жəне білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру жəне бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани жəне дене шынықтыру мəдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық тəрбие тұлғаның əсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау - эстетикалық қатынастарын жəне олардың əрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс- əрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.

Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық тəрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту; оқушылардың əн-күй мəдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тəрбие мен білім беру, көркем əдебиеттік қабілеттер дарыту жəне дамыту, т.с.с.

Əсемдікке тəрбиелеудің нəтижелік көрсеткіштері: тəрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар əлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысы.

Эстетикалық тəрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем əдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру; əйгілі орындаушылар (жеке əншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын жəне т.б. жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет