Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар



бет150/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
Экономикалық тəрбие тəрбиеленушілердің мүмкіндіктеріне орай өндіріс, заттасқан жəне рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен

қажеттікке жарату жөніндегі біртұтас түсініктерді меңгертуге бағытталады.

Экономикалық тəрбиенің негізгі мақсаты- нарықтық заман аймағында бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті əрі өз іс-əрекеті мен қызметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тұлға қалыптастыру.

Бұл мақсаттың жүзеге келуі ұланғайыр міндеттер кешенін шеше білуге байланысты. Атап айтсақ, олар:



    • тəрбиеленушілерде экономикалық білімдер мен экономикалық іс- əрекеттерге деген қажетсіну сезімін қалыптастыру;

    • негізгі экономикалық ұғымдарды, категорияларды , заңдар мен процестерді меңгеру;

    • табыскерлікті , жауапкершілікті, өзіндік дербестікті дамыту;

    • табыскерлік іс-əрекетке қажет дағдыларды игеру;

    • мүмкін болар қиыншылықтарға психологиялық дайындық қалыптастыру.

Экономикалық тəрбие мазмұны тəрбиеленушілердің экономикалық білімдерді меңгеруі үшін қажет əрқилы құрал-жабдықтарды пайдалануына, экономика бастауларын оқу барысында , сондай-ақ сабақтан тыс (бизнес –клуб, менеджерлер клубы, маркетинг-клуб жəне т.б.) үйренуіне; кəсіби оқуына жол ашады. Экономикалық тəрбие формалары мен əдістері оқушылардың экономикалық білімдерді қажетсінуінен өз бетінше игеру жəне оларды қалыптан тыс жағдайларда пайдалана білу ептіліктерін орнықтыруға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет