Кəсіби бағдарлау – отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам жəне коммерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кəсіп таңдау, іріктеу жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық əрі ұйымдастыру – тəжірибелік іс-əрекеті. Бұл қызмет əр тұлғаның жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай кəсіпті өзінше айқындап, таңдауына жəрдем ретінде ұйымдастырылатын əлеуметтік-экономикалық, психологиялық- педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндіріс-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі.
Кəсіби бағдарлау жүйесі өз аймағында келесідей кəсіптік қызметтерді қамтиды:
ағарту – тəрбиеленушілерді əрқандай кəсіптердің əлеуметтік – экономикалық, психологиялық –физиологиялық ерекшеліктері жөніндегі білімдермен таныстыру;
диагностикалау – кəсіп таңдауға байланысты адам жүйке жүйесінің ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен ынтасын, құндылықты бағыт-бағдарын, ұстаным-көзқарастарын зерттеп, анықтау;
кеңес беру – кəсіпке қойылатын талаптар мен нақты тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері арасындағы сəйкестікті айқындау;
кəсіптік іріктеу – адамды қызметке қабылдаушы мекемелер тарапынан жүргізілетін іс;
бейімделу – адамның кəсібі іс-əрекетке кірісу процесі, өндіріс жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне икемдесу процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |