Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік



бет154/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы

Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік.



Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.

Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен , жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік шыңы.



Тəрбие тəсілі – жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек

–тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру – тəсілдер. Сөз (кең мағынада) – тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл

тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.

Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді.

Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет