Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Сана қалыптастыру əдістері



бет155/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word

Сана қалыптастыру əдістері

Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл- күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.

Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды

əдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау əдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» жəне т.б. тағылым-тəрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ əдептілік-имандылық тақырыбындағы əңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, əдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру əдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды əдісі - өнеге-үлгі. Əдістердің əрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ əдістерінің бəрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді əрі жүйелі түрде басқа əдістермен бірге қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет