Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00 Б 12 Пікір жазғандар


Этикалық тақырыптағы əңгіме



бет156/205
Дата03.01.2022
өлшемі418,39 Kb.
#108253
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205
Байланысты:
Бабаев С. Педагогика оқулығы
УМКД Тарбие жумы 2020-2021, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word, КЕШЕН Конструктивті оқыту 2020-21 уч.год Word
Этикалық тақырыптағы əңгіме инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. əдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады.

Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:



  • əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет.

Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;

  • əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.

  • əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет. Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары,

олардың адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды əңгімелер молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында).

  • əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мəжбүр болады.

  • əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет