Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
құбылыстарды даму барысында зерттеу;
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін- бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Достарыңызбен бөлісу: |